Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АҚЫН ЖҮРЕК МҰҢАЙМАЙДЫ, ЖЫЛАҒАНДЫ БІЛМЕЙДІ!

АҚЫН ЖҮРЕК МҰҢАЙМАЙДЫ, ЖЫЛАҒАНДЫ БІЛМЕЙДІ!

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Отырар ауданындағы жас суретші, қолөнер шебері, ақын қазақтың қайсар қызы атанып кеткен Тұрсынай Қайратқызының «Тұманды жарған Ай» кітабының тұсаукесері мен «Мен бақытты екенмін» атты шығармашылық кеші өтті.


Сағыныш пен мұңнан, тазалық пен сұлулықтан тұратын Тұрсынайдың өлеңдері көңіл толқынын тербеп, адам баласының жандүниесін бірде мұңға, бірде шыңға сүйреп беймаза күйге бөлейтіні шындық. Өзі жастайынан арбаға таңылса да ақын қыздың пайым-парасаты жоғары, талғамы биік, арман-мақсаты шексіз. Ең бастысы — өмірге құштар жан.

Кеш шымылдығы да автордың «Мен бақытты екенмін» өлеңімен ашылды.
Жыр сүйер көпшілікті лирикалық өлеңдерімен сусындатқан кеште аудан әкімі Айтаханов Ерлан Қуанышұлы жас та болса терең ой қозғай білген құнды да жаңа кітапқа құтты болсын айтып, жаңалыққа, жасампаздыққа құштар Тұрсынайдың шығармашылығына толағай табыс тілеп, ақын қызға арнайы сый-сияпат табыстады.

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу