Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҮКАША АТАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

ҮКАША АТАДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАНДАНДЫ

Түркістан қаласының Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Серт ауылында орын тепкен Үкаша ата кесенесі мен құдығы исі мұсылман баласына түрлі аңыз-әңгімелер мен қасиеті арқылы мәлім. Жылдың қайсы мезгілі болса да мұнда ағылып келушілердің қарасы қалың. Жылдан-жылға зиярат етушілердің де қатары ұлғайып келеді. Тарихи жерге тек қазақстандықтар ғана емес көптеген шетелдік туристер де ынталы.

«Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени  қорық-музейінің құрамына діни-рухани ескерткіш ретінде  алынған,  жалпы көлемі — 90 гектар жерді қамтитын Үкаша ата кесенесі мен құдығына барар жолға биылғы жылы асфальт жол төселіп, абаттандыру жұмыстары жанданды.
Зияратшыларға арнап арнайы демалатын бастырмалар мен орындықтар орнатылып, автотұрақ пен алаң және әжетханалар ретке келтірілді.
Еліміздегі туризм саласын дамыту мақсатында халықаралық  тарихи, рухани байланыстарды дамытуға арналған бірқатар жұмыстар қолға алынып, жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Туризм саласын дамытып-келушілердің ынтасын арттыру тек аңыз-әңгімелерді ғана насихаттау емес, тарихи орындардың көркі мен келбетін жақсарту, халыққа жайлы жағдай жасау.
Бұған дейін, зияратшылар мен саяхатшылардың кесенеден  2 шақырымға жуық жердегі Үкаша ата құдығына қатынауы әжептеуір әуре-сарсаңға салатын.

Себебі, қос араның қашықтығы жаздыкүнгі ыстықта, көктем- күз айларындағы лай-батпақта жаяу адам түгілі көліктегі кісіні де қажытатын.   Меккедегі зәм-зәм суының қасиетімен бірдей саналатын қыр басындағы құдыққа ағылған жұртшылық жуырда ғана төселген жаңа жол мен абаттандыру істеріне алғыстарын білдіруде.
Қасиетті аймақ бүгінде бүкіл түркі жұрты мінəжат қылып, тəуəп жасайтын зиярат орнына айналған.

© «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени
қорық-музейінің баспасөз қызметі

 

Пікір жазу