Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қала тынысы » ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Шымкент қаласының әкімдігінде дәстүрлі «Таза қала» акциясының ұйымдастырылуы бойынша баспасөз жиыны болып өтті.

Шымкент қаласындағы жеке тұрғын үйлер орналасқан көшелер мен көпқабатты үйлердің ауласын көріктендіру, көгалдандыру, санитарлық жағдайын ретке келтіру, сондай-ақ, абаттандыру жұмыстарына жеке және серіктестік меншіктерінің мүшелері мен тұрғындарды қала тазалығына кеңінен тарту мақсатында дәстүрлі «Таза қала» акциясы 6-рет ұйымдастырылуда.


Шымкент қаласының әкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы қаланың әсем, әрі таза болуы үшін байқауға белсене қатысу жөнінде қала тұрғындарына үндеу арнады.
Байқауға Шымкент қаласы аумағында орналасқан қала тұрғындары, аула, көше атынан көше комитеттерінің төрағалары қатыса алады.


Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Үздік аула» (әр ауданнан 1, 2, 3 орындар және ынталандыру, барлығы 16 орын);
2) «Үздік көше» (әр ауданнан 1, 2, 3 орындар және ынталандыру, барлығы 16 орын);
3) Үздік аудан;
4) «Ең үздік учаскелік инспектор» (әр ауданнан бір адам).

 

(Ә.Ә.)

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу