Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, облыстық Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы облыстық Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияда «Мерейлі отбасы – 2018» ұлттық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты іс-шара өткізілді.
Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр, «Нұр Отан»партиясы ОҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, облыстық мәслихаттың депутаттары, облыстық этномәдени орталықтарының өкілдері, облыстық зиялы қауымдары, облыс ардагерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен үш кезеңнен тұратын (аудандық, облыстық, республикалық) байқаудың облыстық кезеңінен аудан, қаладан 38 жанұя ұсынылып, оның ішінде 30 отбасы үздік деп танылды.
Бұдан бөлек, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық қорытынды кезеңіне қатысқан барлық 28 отбасыға облыс әкімі Ж.Түймебаевтың Алғыс хаты мен 200 000 теңге қаржылай сыйлық табысталды.
Елбасы жарлығымен бастау алған «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының мақсаты бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру, әсіресе жастарға жеткізу, жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихаттау болып табылады.