Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » САЛҚЫН САМАЛ САЙРАМНАН…

САЛҚЫН САМАЛ САЙРАМНАН…

Фото Сайрама Ауданы.
Таңертең бірінен соң бірі Сайрам ауданынан жайсыз хабарлар келіп жатты. Не дейсіз, Elnur телеарнасының иесі бопсалаумен ұсталып қалыпты-мыс… өзі аудандық мәслихатының депутаты екен… Бұл ақпардың қаншалықты рас-өтірігін білмейміз, бірақ Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінің мәлімдемесіне сенсек:
«ОҚО ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына Сайрам ауданының жергілікті тұрғыны арызданған. Кәсіпкер өз арызында кәсібіне тыныштық бермей отырған азамат, бір миллион АҚШ долларын бопсалағанын көрсеткен. Аталған жайт СДБТР тіркеліп ҚР ҚК 194 бабы «Қорқытып алу» қылмыстық іс қозғалған.
Жедел іс-шаралар жүргізу барысында ОҚО ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері күдікті 1963 жылы туылған Сайрам ауданының тұрғынын өз үйінде 9 миллион тенгені қолма-қол алу барысында құрықтады. Полиция қызметкерлері күдіктінің үйін қарау барысында 9 дана атыс, жарақат салатын, пневматикалық қаруларды және мыңға жуық әр түрлі калибрлі оқ дәрілерді тәркіледі.
Аталған жайт СДБТР тіркеліп ҚР ҚК екі бабымен қылмыстық іс қозғалды: 194 бабының 4 тармағы «Қорқытып алу», 287 бабының 2 тармағы «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру». Сот қаулысымен ұсталған азамат 2 айға қамауға алынды», – деп отыр.
Әзірге сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқандығын біліп, сабыр сақтап, әліптің артын бағайық деп шештік…
 
Әсет Әссанди

Пікір жазу