Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы өтті.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Зұппархан Шалданов жүргізіп отырған басқосуға облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев және аудан әкімдері мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, департамент пен басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Жансейіт Қансейітұлын жаңадан құрылған Түркістан облысының әкімі болып тағайындалуымен құттықтаудан басталған сессияның күн тәртібінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашевтың «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасының 2017-2018 жылдары орындалуы жөніндегі есебі және облыс әкімдігі мен облыстық тексеру комиссиясының 2017 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша қорытындысы тыңдалды.
Сондай-ақ, «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар және «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу, Түркістан облысының әкімшілік-аумақтық бірліктеріне атау беру және қайта атау туралы мәселелер қаралды.
Сессияның отырысында қаралған мәселелер бойынша облыстық мәслихат депутаттары бірауыздан қолдау көрсетті.
(Ә.Ә.)
Азат Дидарбектің фоторепортажы