Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 20-22 маусым күндері аралығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Сенің жаңа қырың» атты челенджін жастар арасында насихаттау, жастар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу, бұқаралық спортты дамыту, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, жастарды жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында «ON START» спорт ойындарының 3 күндік лагері өткізілді.
Жарысқа барлық аудан, қалалардан, жоғары және орта арнаулы оқу орындарынан 14 пен 28 жас аралығындағы жастар мен жасөспірімдер қатысты.
Шараға қатысқан жастар жоғары деңгейде белсенділік танытты. Спорттық ойындар ойнаумен қатар, жастардың нтеллектуалдық білімдерін арттыру мақсатында, пікір –сайыстар, белсенді жастармен пікір алмасулар өткізді.
Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысының отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б.Нарбекова, облыстық Жастар ресурстық орталығының директоры Б.Дүйсебеков қатысты.
(Ә.Ә.)
Асхат Әссандидің фоторепортажы