Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Домбырашылар бас қосты

Домбырашылар бас қосты

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы және Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай «Ұлы Дала шежіресі –домбыра» атты лекция – концерт өтті.
Шараға елімізге белгілі айтыскер ақындар мен домбырашы өнерпаздар, ұлттық-мәдени орталық жетекшілері мен зиялы қауым өкілдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Домбырашылар басқосуында Түркістан қалалық «Өнер» мектебінің жас өнерпаздары «Домбыраның шаттық үні», «Ерке сылқым» күйлері мен «Алыстан қызыл көрінсе», «Өлшеулі өмір», «Жақсы мен жаман» термелерін және «Өзім туралы» атты толғауларын орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Сонымен қатар, Кентау қаласының Құрметті азаматы, ҚР білім беру ісінің үздігі, Композиторлар Одағының мүшесі Әлімбек Қонысбеков «Қаратау шертпесі», «Салтанат» және «Өттің дәурен» күйлерін күмбірлетсе, Түркістан қалалық «Яссы» халықтық-фольклорлық ансамблі «Бозінген», «Ата толғауы», «Адай», «Бақтыбайдың әуені» күйлерімен көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Көпшіліктің сұрауы бойынша «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің басшысы Нұрболат Ахметжанов орындаған Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйі қонақтардың айрықша ықыласына бөленді.

Пікір жазу