Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОТЫРАР АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Отыар аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібінде Қарғалы, Қоғам, Талапты ауыл округтері әкімдерінің өткен алты ай ішіндегі атқарылған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелері алдында Қарғалы ауыл округінің әкімі Есенбай Шынтереков есептік баяндамасын жасады. Ол өз сөзінде ауыл округіндегі егін көлемі мен мал санының артқанын айта келе, алдағы шешімін күткен кейбір мәселелерді тілге тиек етті.

Мұнан соң Қоғам ауыл округінің әкімі Жеңісбек Зернәбиев алты айдағы атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Ауыл әкімінің айтуынша ағымдағы жылы округке қарасты 2609 га суармалы жердің 2000 га жері игеріліп, егін көлемі жылдан жылға артуда. Егін саласында «Момын-1», «Болашақ Қоғам», «Мардан миллион-1», «Зеңгі баба Дихан» ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері биылғы жылдың өзінде 4 жаңа техникамен толыққан.
Жиында күн тәртібіндегі мәселе бойынша Талапты ауыл округінің әкімі Динара Жипсыбаеваның есебі тыңдалды. Аталған ауыл округінде де біршама тыңғылықты жұмыстар атқарылған. Жергілікті «Серік» шаруақожалығы қарқынды бау бағдарламасы бойынша 6 га жерге алма көшеттерін ексе, «Бек» ЖШС 1,4 га аумаққа жылыжай салып, алғашқы жарты жылдығында 90 тонна өнім алған. Алдағы уақытта жылыжай көлемін 2 гектарға жеткізу көзделуде.


Қоғамдық кеңестің отырысының негізгі өзегіне айналған күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес мүшелері Сағындық Қыдыр, Мырзахмет Темірбеков, Жұмахан Әбдіқадіров, Айдос Мәулен көкейлеріндегі сауалдарын қойып, көше бойларында орналасқан тұрғын үй қоршауларын жаңарту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, халықтың мәдени көзқарасын қалыптастыру бағытында тиісті жұмыстар жүргізілсе деген ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.


Кеңес отырысына арнайы қатысқан аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов республикалық маңызы бар жол бойында орналасқан үш ауыл округтерінде де ілгерілеушілік бар екенін айта келе, кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер ескерілсе деген ойын жеткізді.
Аудандық қоғамдық кеңес мүшелері жиында үш ауыл округі әкімдерінің есебін қанағаттанарлық деп бағалап, алдағы уақытта осы бағытта үздіксіз жұмыстар атқара беру керек деген ортақ оймен тарасты.

Пікір жазу