Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » БИЫЛ ОТЫРАРДЫҢ 54 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

БИЫЛ ОТЫРАРДЫҢ 54 МЫҢНАН АСТАМ ТҰРҒЫНЫ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Биыл Отырар ауданындағы 22 елді мекенге көгілдір отын тартылады. Нәтижесінде 2 мың отбасы, яғни аудан халқының шамамен 80 пайызы табиғи газбен қамтылатын болады. Келесі жылы тағы 7 ауыл от жағып, күл шығарудан арылады.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ауданға жасаған сапары кезінде мәлімдеді. Аудан тұрғындарымен кездескен аймақ басшысы газдандыру мәселесіне байланысты атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндап өтті.
Қазіргі таңда Сырдарияның сол жағалауындағы 12 елді мекенді газдандыруға жобалық сметалық құжатын дайындау үшін сәулет жоспарлау тапсырмасы дайындалып, облыстық бюджетке ұсынылған.
     
Бұдан бөлек, өңір басшысы Шілік елді мекеніндегі «Нұр Шілік» ауыл шаруашылық кооперативінің жұмысымен танысты. Сүт өңдеу ісін жолға қойған кәсіпорын «Ырыс» микро қаржы ұйымынан 22 млн. теңге қаржы алған. Қожалық күніне 500 литр сүт өнімдерін дайындауға қауқарлы. Бүгінде копператив меншігінде 300 бас ірі қара, 2256 бас уақ мал, 217 бас түйе, 9 бас жылқысы бар.
Айта кетейік, аудан шаруалары өткен жылы 58 бірлік, 2018 жылы 36 бірлік жаңа ауыл шаруашылық техникаларын сатып алған. Нәтижесінде өнім көлемі мен сапасы артып, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 2017 жылы ет өнімі 102,5 пайызды құрап, 9.2 мың тоннаға, сүт 103.5 пайызға артып, 21.6 мың тоннаға жеткен.

Пікір жазу