Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Студенттер үшін ол жəй ғана еден жуушы еді. Бірақ…

Студенттер үшін ол жəй ғана еден жуушы еді. Бірақ…

Жоғары оқу орындарының бірінде емтихан жүріп жатыр. Студенттердің  алғашқысы болып топтағы ең дарынды бала жауап беріп тұр. Кенет, профессор студентке күтпеген жерден “сіз осы кабинеттің еденін жуатын апайдың есімін білесіз бе?” деген сұрақ қойды.

– Бұл әзіліңіз бе? ­– деді студент таң қалып.

Профессор сұрағын тағы бір мәрте қайталады. Студент бұл сұраққа жауап бере алмады. Профессор  қалған студенттерге де дәл осы сұрағын қойды. Қалған студенттер де бұл қарапайым ғана сұраққа жауап бере алмады. Студенттердің арасынан біреуі профессордың өзіне “қарапайым еден жуушының есімін білуіміз сондай маңызды ма?” деген сұрақ қойды. Ал, бұл сұраққа профессор:

“Бәріңіз де оқу орнын бітіргеннен соң, әр түрлі жұмыстарға орналасасыздар. Ал, ол жақта әр түрлі адамдармен жұмыс істейсіздер, кітаптармен емес. Әр адамның мінезі әр түрлі және әр қайсысымен тіл табысуларыңыз керек болады. Әр адам – маңызды!!! Өте маңызды!!! Мейлі, ол еден жуушы болсын, мейлі дәретхана тазалаушы болсын, адамдардың барлығы бірдей.  Мұны мәңгілікке естеріңізде сақтаңыздар!” – деп жауап берді.

Өз тілшімізден

Пікір жазу