Мұхтар Мұхамбетжанды Тәуелсіз елімізде танымайтын адам кем шығар. Белсенді қоғамдық ұстанымдары, тілінің уыты және бет қаратпайтын шыншыл мінезі оны мына тіршілік түгілі, әлеуметтік желіде белгілі тұлғаға айналдырды. Ұлтшылдығы, асқан ақиқатшылдығы, бетке батыл айта салатын қасиеті оны қазіргі заманның қайраткеріне айналдырып келді. Ауған соғысының барлық жасырын тұстарына қанық болған Қызыл Жұлдыз орденінің иегері қазіргі қоғамның биіктеріне көтеріле білген батырға айналды. Сондықтан болар, оны елемеу, байқамай қалу, былай тұрсын, көрінеу көзге төрден орын ұсынбаудың өзі мүмкін емес жағдайға айналды. Әсіресе, абырой мен беделдің төрі, сөзсіз, Мұхтардікі. Сондықтан болар, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еңбегін ескеріп, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Құтты болсын, Мұхтар!
Марапат нағыз иесін тапты деуге болады.
Өз тілшімізден