Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Қазақстан жаңалықтары » ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ – ТАБЫС КӨЗІ

ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ – ТАБЫС КӨЗІ

Аймақ басшысы Асқар Исабекұлының төрағалығымен ішкі және кірмелік туризм саласын дамыту үшін түзілген арнайы Картаның жұмыс жоспарын талқылау және бекіту туралы жиын болып өтті. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабаралйды.


«Туризмді дамыту – табыс көзі» екендігін баса айтқан аймақ басшысы жауапты басшыларға туристік нысандарды қалпына келтіру бойынша жұмыстарды жандандырып, облыс аумағында туристік және жол бойындағы сервистік орталықтарды да қалпына келтіру шараларын қолға алуды тапсырды.
Облыстағы туристік нысандар, тарихи орындар және кесенелер аумағына санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізіп, халықаралық стандартқа сәйкестендіру күн тәтібіндегі бірінші мәселеге айналу керектігін тілге тиек етті.


Сонымен қатар, Асқар Исабекұлы «Қазақ хандығы» монументі маңынан Тараз қаласы тұнған тарих ордасы екендігін көрсететіндей үлкен мұражай бой көтеру керектігін, сондай-ақ туризмге бөлінген ақшаны құр автобус немесе ақпараттық киоскке құртпай, өзге өңірлерлермен байланыс орнатып, туристік нысандардың инфроқұрылымын дамыту керектігін айтты.
Картаға енген Тараздағы 5 тарихи нысанды қалай дамытудың нақты жоспарын әзірлеп, оны іс жүзінде жүзеге асыру ауадай қажет екендігін ескертті.
Жамбыл жерінің тамаша табиғатын тиімді пайдалану — туризмді дамытудағы таптырмас құрал екендігін айтқан аймақ басшысы жиын соңында жауапты басшыларға медициналық туризмді, фито туризмді дамыту жөнінде шұғыл тапсырма берді.

Пікір жазу