Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » Түркі халықтары журналистерінің форумы басталды

Түркі халықтары журналистерінің форумы басталды

Түркістан қаласының биыл «Түркі әлемінің мәдени астанасы» деп жарияланғаны белгілі. Осыған байланысты Ұлыстың Ұлы күні – Наурыздан бастап қасиетті қалада түркі халықтарының өнерпаздары мен зиялы қауымының басын қосқан халықаралық шаралар өтуде. Соның бірі – Түркі халықтары журналистерінің форумы басталды.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі және Халықаралық Түркі академиясы ұйымдастырып отырған бұл форум «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» тақырыбында өтуде. Оған Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және басқа да түркі халықтары тұратын мемлекеттердің жетекші БАҚ басшылары, журналистері қатысуда.

Жуырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керектігін жазған болатын. Ұйымдастарушылар форумды Елбасының мақаласындағы осы мәселемен де ұштастырып, бауырлас елдерден келген азаматтарды Оңтүстіктің киелі, тарихи жерлерімен таныстыруды ниет етіпті. Форумға қатысушылар алдымен Шымкент қаласының көрікті жерлерін аралап, одан кейін Сайрамдағы Қараша ана, Ибраһим ата кесенелерінде, Отырар ауданындағы Арыстан баб кесенесінде, «Отырар» қалашығында болды. Олар одан әрі Түркістанға ат басын тірейді. Форум ертең Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет сарайында өтеді.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ, 

«Егемен Қазақстан»

Пікір жазу