Облыс орталығы Түркістан қаласында іргелі оқу орнының бар екенін көпшілік біле бермеке керек. Ия, Қазақстан Республикасындағы алдыңғы қатардағы оқу орындарының бірі – Түркістан жоғары медицина колледжі.
Бұлай дейтініміз, колледждің жарты ғасырлық тарихында 40 мыңнан астам білікті мамандар дайындалып шыққан. Олар республикамыздың түпкір-түпкірінде, алыс және жақын шет мемлекеттерде де сәтті қызмет етуде.
Білім алушылар үшін соңғы үлгіде жабдықталған, озық технологиялармен қамтамасыз етілген оқу бөлмелері бар.
Колледжде 5 қабатты оқу ғимараты, 4 қабатты жатақхана, 105 оқу лабораториялары мен пән бөлмелері, 10 дәріс залы, спорт кешені, бассейн, кітапхана, 3 оқу залы, 5 компьютер класы, 20 интерактивті тақтамен жабдықталған дәріс бөлмелері, «ЛАМАЗ» мектебі, клиникаға дейінгі бөлмелер, қалыпты және патологиялық анатомия мұражайы, фитобар, фитоогород, оқу дәріханасы, стоматологиялық оқу-поликлиникалық орталығы бар.
Мұндағы білім алушы жастар тек теориялық білм алып қоймай, практикалық жұмыспен ұштастыруда.
(Ә.Ә.)
Асхат Әссандидің фоторепортажы