Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлебиде жас кәсіпкерлер саны артуда

Төлебиде жас кәсіпкерлер саны артуда

Төлеби ауданы әкімдігінде өткен кезекті брифинг аудандағы жастар саясатының іске асырылу барысы және жастар арасында туризмді дамыту сұрақтарына арналды, деп хабарлайды Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі.  Баспасөз мәслихатына спикер ретінде аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Қайрат Қыпшақов, аудандық Жас туристер станциясының директоры Еркін Қуандықов шақырылды.


Қ.Қыпшақовтың баяндауынша, Төлеби ауданында 14 пен 29 жасқа дейінгі жастар саны – 30 234 құрап отыр. Оның 7411 — Леңгір қаласының жастары болса, 22 823 — ауыл жастарының үлесінде. Жалпы аудан халқының 25%-ын жастар құрайды. Оның ішінде 1234-і — жоғарғы оқу орнында, 4945-і арнаулы орта оқу орындарында, 10-ы шетелде оқиды. «Серпін-2050» бағдарламасы аясында 2018 жылы Солтүстік өңірлердегі жоғарғы оқу орындарына 54 жас жолдама алды.
Жастарды кәсіпкерлікке баулу мақсатында, 2018 жылы 23 кездесулер мен түсіндірме жұмыстары, 4 семинар тренингтер және 4 экскурсиялар ұйымдастырылған.

Облыс жастары мен жас кәсіпкерлерінің жобаларын қолдау мақсатында «Ырыс микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы өтіп жатқан «Жас кәсіпкер» бағдарламасына Төлеби ауданынан 8 жоба жолданып, оның 2 конкурска түсіп 1-і қолдау тауып қәзіргі таңда өз жұмысын атқаруда. Ал, жалпы 2017 жылы жалпы кәсіпкер жастардың саны – 340-ты құраса, биылғы жылы жас кәсіпкер саны – 422-ге жеткен.

Пікір жазу