Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАНҒА ШЕТЕЛДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

ТҮРКІСТАНҒА ШЕТЕЛДІҢ БАҚ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Қазақстанның заманауи мәдени жетістіктерін көрсету және туризмінің тартымдылығын арттыру мақсатында 13 қыркүйек күні Түркістан облысына шетелдің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері келді.  Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің бастамасымен келген делегация құрамында Ұлыбритания, Франция, Қытай, Италия, Корея, Польша, Индонезия елдерінен журналистер бар. Баспасөз туры еліміздің туристік әлеуетін және Түркістан облысымен қатар Қазақстанның беделін нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз.

Өңірдің тынысымен жан-жақты танысуға к елген 7 мемлекеттің журналистерін Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев қабылдады. Кездесу барысында өңір басшысы облысты дамыту жөніндегі ойлары мен жоспарларын айтты.

«Сіздермен сан ғасырлық тарихы бар киелі Түркіcтан жерінде кездесіп отырмыз. Бұл басқосуға арқау болып отырған Түркістан қаласының қазақ халқының тарихында орны ерекше. Түркістан облысы елімізде ең көп турист келетін аймақ саналады. Біздің таңғажайып табиғатымыз бен тарихи орындарымызды көруге келетіндер қатары мол. Түркістанда тарихи орындар мен ескерткіштер, көне қалалар көп. Сонымен қатар, таулар, көлдер, өзендер мен көрікті орындар да баршылық. Ұлы Жібек Жолы біздің облысымыздан өткен. Сіздер де өз елдеріңізге барған кезде Түркістан туралы айтып, өңір туризмін насихаттауға үлес қосасыздар деген ойдамын. Бүгінгі кездесуде айтылған ұсыныстар мен пікірлер «Түркістан облысының туристік потенциалын дамыту» бағдарламалық тұжырымдамасын жүзеге асыруда зор ықпалын тигізетініне сенімдімін», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Кездесуде Польшаның  «Turystyka.rp.pl» агенттігінің өкілі Анна Клоссовска және өзге де журналистер өз әсерлерін айтып, өңір туралы сұрақтар қойды.

Сапар аясында шетелден келген қонақтар Түркістан өңірін аралады.

Пікір жазу