Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ЖҮСІП АТА КЕСЕНЕСІ

ЖҮСІП АТА КЕСЕНЕСІ

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейіне қарасты Жүсіп ата кесенесі – ХІІ-ХІV ғасырларға тән жергілікті маңызы бар ескерткіш. Кесене Түркістан қаласынан 25 км қашықтықта, Ескі Иқан ауылының орталығында орналасқан сәулеттік құрылысқа жатады.

Ол Иқан каласы қирандысынан 500 метрдей оңтүстік-шығыста орналасқан. Координаттары: 43˚10.682΄, 068˚32.082΄ Теңіз деңгейінен биіктігі -233метр.
Бұрын мұнда ешкандай археологиялық зерттеу жүргізілмеген, тек 2005 жылы кесене іргесіне зерттеулер жасалған болатын. Нәтижесінде құрылыстың іргесі ХV ғасырда қаланғандығы анықталды. Қабірхана және Жамағатхана бөлмелерінен тұрған, жергілікті тұрғындар порталдың алдынан саз кесектен Асхана бөлмесін тұрғызған. Бұл шамамен ХХ ғасырдың бірінші жартысында болған. Біздің уақытымызға дейін Жамағатхана күмбезі де, төбе жабыны да түпнұсқа күйде жетпеген, тек Қабірхана ғана жетіп отыр. Негізгі өлшемдері толық сақталған және іргетасы ретінде пайдаланылған алты қатар кірпіш қаландысы да жақсы жағдайда. Кесене қабірхана, жамағатхана бөлмелерінен тұрады және екі бөлме де күмбезделіп жабылған, алды порталды болып көтерілген. Құрылыстың жалпы ұзындығы – 14,3 метр, ені – 12,8 метр, ал биіктігі – 13,5 м. Күмбезінің диаметрі – 9,3 м. Үлкен күмбезінің биіктігі жерден ұшына дейін – 12,5 метр. Қабірхана биіктігі – 9,5 метр. Күмбезді ұстап тұру үшін 8 қырлы аркада салынған. Қазба жұмысы және сақталған бөлігін зерттеу нәтижесінде 2008-2010 жылдары аралығында қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. ХІІ ғасырда өмір сүрген бұл діни тұлға жайлы тарихи деректер жоқ, тек ел аузындағы аңыз-әңгімелер ғана азды-көпті мағлұмат бере алады. Дегенмен, әр кезеңдегі мағлұмат беруші өзіндік деректерді араластырып отырғандықтан аңыздар да бір-біріне ұқсамайтын дәрежеге жеткен. 1994 жылғы «Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштер шежіресінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жинағына №632 санды нөмірімен енгізіліп мемлекет қарауына алынған. Жалпы жер көлемі – 1,5 га.

© DIDARBEK.kz

Пікір жазу