Елбасының бастамасымен жасалып жатқан реформалардың негізгісі «Ұлт жоспары 100 нақты қадамның» алғашқы 15-і мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруден басталуының өзі қазіргі таңда мемлекеттік қызметке аса көңіл бөлініп отырғанның айғағы.
Осыған орай бүгін ауданымызға арнайы келген Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев мемлекеттік қызметкерлердің Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында келелі жиын өткізді. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Жиында Ә.Әлішев жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілердің тараптарынан Әдеп кодексі талаптарын орындаулары бойынша жүргізілудегі зерделеулердің және ұжымдардағы моралдық — психологиялық ахуалды анықтау мақсатында жүргізілген анонимді сауалнамалардың қортындыларын талқылап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыру, қызмет барысындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптасыру бағытында келелі әңгімелер айтылды.
Кездесуде мемлекеттік қызметкерлер көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары киелі ауданымызға арнайы ат басын бұрған әдеп жөніндегі уәкілге аудан тұрғындары атынан шынайы алғысын айтып, жиынды қорытындылады.
Кездесуден соң Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішев жеке қабылдау өткізіп, қабылдауда мемлекеттік қызметкерлердің талап-тілектерін тыңдады.