Әдептен неге сонша тайқып жүрсің –
Қарт адамға «козел» деп айтып жүрсің?..
Бойыңды әдепсіздік билеп алған,
Бет-моншағың төгілмей қайтып жүрсің?
Бар шығар ойнап өскен көшең сенің?
Бар шығар әкең менен шешең сенің?
Әкеңнің әкесіндей ақсақалға
«Козел» дейтін кетті ме есең сенің?
Бір күні самайыңды ақ басады,
Қалың бетті әжім мен қақ басады.
Сенен асқан әдепсіз қыздар өсіп,
Өзіңді балағатпен шап басады.
Таң қалдық сенің бұндай қылығыңа –
Тіліңнің қасарысқан «былығы» ма?!
Кезінде алмай кеткен тәрбиенің
Қалдығы ма, тұнығы ма, сынығы ма?..
Әсет Әссанди