Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ — МӘҢГІЛІК ТІЛІ

МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ — МӘҢГІЛІК ТІЛІ

Жуырда Отырар ауданында Қазақстан халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Мәңгілік Елдің — Мәңгілік тілі» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Елтай Үмбет сөз алып, жиналған көпшілікті тіл мерекесімен құттықтап, аудан әкімінің жылы лебізін жеткізді.Сонымен қатар, іс-шара барысында ауданда тіл саясатын дамытуға үлес қосып жүрген бір топ азаматтарға аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.

Мерекелік шара одан әрі концерттік бағдарламамен жалғасып, аудан өнерпаздары патриоттық әндерді нақышына келтіре шырқаса, мың бұралған бишілер түрлі этнос халықтарының билерін билеп шараға қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп тастады.

Еліміз бүгінде түрлі этностың тілі мен салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленетін достық пен бірліктің мекеніне айналып отыр.

Жалпы ауданда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауларында айтылған «Үш тұғырлы тіл» саясаты мен мемлекеттік тіл мәдениетін дамытуға бағытталған шаралар кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Аудандық тілдерді оқыту және дамыту орталығының бастамасымен мемлекеттік тіл мәртебесін үстем ету мақсатында «Үздік аудармашы», «Мемлекеттік тіл – менің тілім», «Мемлекеттік тіл-мемлекеттік қызметте», «Тіл шебері» сынды байқаулар жыл сайын ұйымдастырылып, оған аудандағы өзге ұлт өкілдері де қатысып, атсалысуда.

Пікір жазу