Шымкент қаласы бойынша биылғы оқу жылын 172 мектепте 222 037 оқушы аяқтады. Мектеп бітіруші түлектер саны — 8 885, оның ішінде ҰБТ тапсыруға өтініш берген талапкерлер саны — 6 845. «Алтын белгі» иегерлері – 510, «Үздік аттестат» иегерлері – 356. Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, биылғы ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында өтеді. Тест өткізу пункттеріндегі аудиториялардың сапасы, техникалық ...
Толығырақ »Архив меток: Rr
ШОМЫЛУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖЕРЛЕРДІ АТТЫ ПАТРУЛЬ ТЕКСЕРЕДІ
Шымкент қаласында шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төтенше жағдайлар департаменті жанынан атты патруль құрылды. Құтқарушылар, полицейлер және жергілікті әкімдіктің қызметкерлері қаланың шалғай аудандарын атпен аралап, тұрғындарға насихат жұмыстарын жүргізеді. Қауіпсіздіктің алдын алу шарасындағы жаңашылдықты Қаратау ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері енгізген екен. Қазірде патрулдің құрамында 4 ат бар. Көлік өте алмайтын ең қиын жерлер мен және тыйым салынған аймақтарда шомылуға ...
Толығырақ »ТУРИСТІК ДҮҢГІРШЕКТЕР ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ
Туристік дүңгіршек қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес бере отырып, қаламыздың көрікті жерлері, мәдени оқиғалары мен мейрамханалары, жол карталары мен бүктемелері, туристік маршруттары, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың анонстары туралы толық ақпаратты бір терезе принципі бойынша ұсына алады. Мұндай ақпараттық дүңгіршектер еліміздің бірнеше қалаларында бар. Атап айтқанда Алматы, Нұр-Сұлтан, Жамбыл,Түркістан қалаларында жұмыс істеуде. Мақсаты – аймақ бойынша туризмді дамытып, ...
Толығырақ »«SHYMKENT-FEST» ОНЛАЙН ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАУ АЛДЫ
Шымкент қаласында SHYMKENT-FEST» онлайн өнер фестивалі бастау алды. Байқаудың мақсаты: Бірлік пен береке бастауы, ұлттық дәстүріміздің ұясы саналатын Шымкент қаласының бүгіні мен болашағын өнер арқауына айналдыру. Дарынды жастардың өнерін дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, халықтың бос уақытын тиімді пайдалану. Байқаудың шарты: Фестиваль 6 (алты) бағыт бойынша өтеді: «2200 жылдық шежірелі Шымкент» (Республикалық онлайн ақындар айтысы) «Ғажайып ...
Толығырақ »РӘМІЗДЕР КҮНІН ЖАҢАША ФОРМАТТА ТОЙЛАДЫ
Мемлекеттік рәміздер мерекесін өткізуге ешқандай вирус кедергі емес. Ең бастысы Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік символдарға құрмет болға жеткілікті. Түркістандағы Қазақ-түрік университеті биылғы мерекені ерекше өткізді. Онлайн тәртібімен өткізілген шараға әлемнің бірнеше елінен 500-ге тарта азамат қатысты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Ө.Мырзабектің материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Әлемді алаңдатқан жұқпалы дерт биылғы мерекені ерекше өткізуге себепкер болды. Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық ...
Толығырақ »САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
ҰБТ Шымкентте 20 маусым мен 5 шілде аралығында бас санитар бекіткен қаулығы сәйкес жүргізіледі. Тест өткізу пунктінің аумағында ата-аналардың, мұғалім және басқа адамдардың болуына рұқсат берілмейді. Әр аудиториядан онлайн трансляция жүргізіледі. ҰБТ-ға кіргізу баррикадты ленталар арқылы 2 метр қашықтықты сақтай отырып, жүргізіледі. Ал, аудиториядағы тестіленушілердің саны 50%-ға қысқартылды, олардың арасында кемінде 2 метр қашықтық сақталады. Сонымен қатар коронавирустық инфекцияның таралу ...
Толығырақ »ЖЕЛБІРЕ, МЕНІҢ ЖАЛАУЫМ!
Шымкентте «Желбіре, менің жалауым!» атты акция өтті. Патриоттық іс-шараны Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының Рухани жаңғыру бөлімі ұйымдастырды. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған шара «Тәуелсіздік» саябағында бастау алды. Жастар акцияда ҚР Мемлекеттік Әнұранын шырқады. Сондай-ақ тұрғындарға Ту, Елтаңба, Әнұран жайында сауалнама жүргізіліп, жалаушалар таратылды. — Ұлттық нышандағы мерекенің мерейі үстем. Көк Туды теңдігімізге, елтаңбамызды, Әнұранымызды биік тұғырымызға балаймыз. ...
Толығырақ »КӨК ТУЫМЫЗ КӨГІМІЗДЕ ЖЕЛБІРЕЙ БЕРСІН!
Құрметті отырарлықтар! Сіздерді бүгінгі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Тәуелсіздік — алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі бар. Оның біріншісі – көк байрағы, екіншісі – Елтаңба, үшіншісі – Әнұран, төртіншісі – қазақ тілі», — деп Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы айтқандай, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысын оятып, жүрегіне патриоттық ...
Толығырақ »АРЫС ҚАЛАСЫ ҚҰТТЫҚТАЙДЫ
ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ! Сіздерді Мемлекеттік рәміздер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 1992 жылы 4 маусымда еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері туралы заңға қол қойды. Бұл рәміздер біздің ең басты мемлекеттік құндылықтарымыз – Ту, Елтаңба, Әнұран. Мемлекеттік рәміздер – біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі ...
Толығырақ »ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗУ ЖҮРІП ЖАТЫР
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан өңіріне жұмыс сапарымен келген Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен кездесті. Жұмысшы топ облыс орталығында бой көтерген «Ұлы дала елі» мәдени кешенінің құрылыс барысымен танысты. Түркістан шаһарын түлету мақсатында еліміздің әрбір облысы бір нысаннан тарту еткен болатын. Соның бірі Атырау облысы әкімдігі туризм ордасы, киелі Түркістан жеріне сәулет өнерінің үздігіне айналар «Ұлы дала елі» рухани орталығын ...
Толығырақ »КӨК ТУЫМЫЗДЫҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК БОЛСЫН!
Құрметті жетісайлықтар және аудан қонақтары! Сіздерді бүгінгі 4 — маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылдың 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды. Сөйтіп 6 маусым күні Алматы қаласындағы Абай атындағы опера және балет театрының ғимаратында ...
Толығырақ »АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында қызу жүріп жатқан көркейту және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады, облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Осы мақсатта шаһар 32 секторға бөлінген. Әр секторға аудан, қала әкімдіктері мен басқарма басшылары тікелей жауапты. Қала аумағында ағаштар отырғызылып, абаттандырылуда. Көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен тұрғындардың демалуына арналған орындықтарды орнатылған. Кешенді жұмыс барысын бақылаған облыс әкімі ...
Толығырақ »АТА-АНАЛАРДАН САУАЛНАМА АЛЫНДЫ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен облысқа қарасты білім беру ошақтарының оқушылары мен студенттерінің ата-аналары арасында екі апта мерзім ішінде «Білім саласы – ата-ананың көзімен» тақырыбында онлайн сауалнама жүргізілді. Жүргізілген сауалнаманың негізгі мақсаты — киелі өңірдің білім беру ошақтарында туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және оның орын ...
Толығырақ »ЕКІ БАЛАНЫ АЖАЛДАН АРАШАЛАП ҚАЛДЫ
Түркістан облысы Отырар ауданында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкері 11 және 14 жастағы екі баланы ажалдан аман алып қалды. Оқиға 3 маусым күні түскі уақыт кезінде орын алған. ТЖД-не балалардың суға шомылып жүріп, қиын жағдайға тап болғандығы жөнінде хабар келіп түскен. Шақырту түсісімен облыстық ТЖД Отырар аудандық бөлімінің маманы, азаматтық қорғау капитаны Мейрамхан Кемелханов оқиға орнына жедел жетіп, 2 баланы тілсіз ...
Толығырақ »ЕҢ ҚҰНДЫ АҒАШ ТҮРЛЕРІ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Түбі бір түркі жұрты үшін жұмыр жер бетінде қастерлі мекендегі әлемнің сегізінші кереметі атанған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі — ортағасырлық сәулет өнерінің шыңы. Тұтас ұлттың бірегей болмысын айқындап берген Түркістан төріндегі теңдесіз тарихи жәдігердің айналасы абаттандырып, жасыл желекке орануда. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев кесене аумағына ең құнды ағаш түрлерін отырғызуды тапсырды. Мұндағы барлық жұмыстар арнайы мамандардың жіті бақылауында. Осыдан тура ...
Толығырақ »ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облыстық сотының ұйымдастыруымен Түркістан қалалық сотында тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және оның тиімділігін арттыру, еңбек заңнамасын қолдану мәселелерін талдау және жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы дауларды шешудің өзара қолайлы жолдарын іздестіру мақсатында «Сотқа дейінгі және соттағы еңбек дауларына қатысты татуластыру институтын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге кәсіподақ өкілдері атынан «YNTYMAQ» орта және кіші бизнес жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы ...
Толығырақ »БІЗДІҢ МІНДЕТ — ҚОҒАМНЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
2020 жылдың 25 мамыр күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасында бейбіт жиындарды ұйымдастыру мен өткізу тәртібі» туралы Заңға қол қойған болатын. Қабылданған Жаңа Заң ағымдағы жылдың 6 маусымынан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков жеке құрамға толық түсіндіріп өтті. Жиында сөз алған департамент бастығы Қайрат Дәлбеков бұл тұрғыда полицейлердің басты міндеті қоғамдық ...
Толығырақ »ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Бүгін Мақтаарал ауданында әлеуметтік мәселелер жөніндегі жұмысшы топтың отырысы өтті. Жиынға Түркістан облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Мақтаарал ауданындағы облыстық штабтың әлеуметтік мәселелер жөніндегі жетекшісі Ғани Рысбеков, «Нұр Отан» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, аудандық партия өкілдері, су тасқынынан зардап шеккен ауыл округтерінің әкімдері, құқық қорғау органдары мен аудандық әкімдіктің идеология бөлімінің басшылары мен мамандары ...
Толығырақ »АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ӨНІМДЕРІНІҢ КӨЛЕМІ АРТАДЫ
Шымкент қаласының агроөнеркәсіп кешенінде биылғы жылы жалпы құны 8,6 млрд. теңгені құрайтын 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері хабарлады, — деп жазады қала әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда 15 гектар жерге қарқынды алма бау, 20,7 гектарға өнеркәсіптік жылыжай кешені, тауарлы сүт фермасы, құс етін және жұмыртқа шығаруды кеңейту мен ешкі сүтін өндіру және ...
Толығырақ »1,5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ӨНІМІН ЭКСПОРТҚА ШЫҒАРУДА
Шымкенттің «АГФ Групп» тігін фабрикасы ресейлік IKEA компаниясының дүкендеріне төсек жабдықтарын тігуде. Жеңіл өнеркәсіп саласында 10 жылдан аса табыс тауып жүрген компания жылына 1,5 миллионға жуық өнімін экспортқа шығарады. Фабрика «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан. 2013 жылы өз өнімдерін экспорттай бастаған компания жасанды емес маталар және табиғи материалдармен комбинезон, мектеп формасы, әскери киімдер мен халаттар тігеді. Аймақта төсек орындықтар мен ...
Толығырақ »“БАСТАУ БИЗНЕС” ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бастау Бизнес» жобасы 2020 жылдың 10 маусымында онлайн оқытуды бастайды. 1. Оқуға қатысу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіріп, жолдама алады(жолдама 5 күнге жарамды)⠀ Мекен-жайы: Бәйтереков көшесі, 89.⠀⠀ 2. Жолдаманы алғаннан кейін үміткер Шымкент қаласы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына келіп немесе сілтеме арқылы оқуға ...
Толығырақ »САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДЕ
Шымкенттегі сауда орындары бас санитар бекіткен қаулыға сәйкес барлық талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуі керек. Ал, талаптардың орындалу барысын жергілікті әкімдіктерден құрылған мониторинг топтар қадағалап отырады. Абай ауданынан құрылған топ бірнеше сауда үйіне тексеру жүргізіп, індеттің алдын алу жолдарын түсіндірді. Мәселен, «Аль-Фараби» сауда уйі санитарлық нормаларға сәйкес жұмыс істеуде. Талапқа сай, кіре берісінде дезковрик төселіп, санитайзер орнатылған. Сатушылар мен келушілер ...
Толығырақ »«BUS LANE» ЖОЛАҒЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
«Bus Lane» жобасы – қала көшелеріндегі қоғамдық көліктердің жүруіне арналған арнайы жолақ. Қаладағы қоғамдық көліктер енді кедергісіз қимылдайтын арнайы жолағы бар осы жолдармен жүретін болады. Сондай-ақ, жасыл жолмен мүгедек арбасына таңылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен электромобилдер жүре алады. Жаңа жобаны облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевке шаһар басшысы Рашид Аюпов таныстырды. Жасыл түсті белгілер жақын күндері Түркістанның барлық көшелерінде пайда болады. Арнайы ...
Толығырақ »СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ ШАРАСЫ БАСТАУ АЛДЫ
Бүгін Түркістандағы білім ошақтарында «Birgemiz: ТҮЛЕК 2020» соңғы қоңырау салтанатты шарасы бастау алды. ⠀ Қала әкімінің орынбасары Мұрат Базарқұлов №19 жалпы орта мектебіне барып, түлектерді мектеп бітірулерімен құттықтап, үлкен өмірге қадам басудағы қадамдарына ақ жол тіледі. ⠀ Биылғы мектеп бітіру күні еліміздегі жағдайға байланысты ерекше өтуде. Атап айтсақ, сақтық шаралары, яғни кіре берісте температураны өлшеп, қатысушы оқушылар, ата-аналар мен ұстаздарға ...
Толығырақ »ДАЙЫНДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Бәйдібек ауданы әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев білім бөлімінің қызметкерлерімен аудандағы жалпы орта мектептердегі оқушылардың Ұлттық бірыңғай тестке дайындық жұмыстарының барысы туралы жиын өткізді, деп жазады аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев бұл сынақтың жалғыз оқушылар үшін емес, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін де маңызды екендігін айтып, білім бөлімінің қызметкерлеріне нақты тапсырма жүктеді. Биылдан бастап ұлттық бірынғай ...
Толығырақ »