Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Архив меток: Rr (страница 72)

Архив меток: Rr

ЖӘРДЕМАҚЫЛАРЫ ТӨЛЕНДІ

Шымкентте медицина қызметкерлеріне қосымша жәрдемақылары төленді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мәлімдеді. Ербол Садырдың айтуынша, коронавирус індетіне байланысты қаладағы медицина қызметкерлеріне берілетін үстемеақыға қатысты тексеру жұмыстары аяқталған. Айта кетейік, өткен аптада стерильдеу орталығының мамандары басшыларына сенімсіздік танытып, тиесілі үстемеақыны толық алмайтындарын айтқан болатын. Ал, жедел жәрдем қызметкерлері үстемеақыларын толық көлемде ала алмай отырғандарын жеткізген. Осы жағдайларға ...

Толығырақ »

БАЛАЛАРЫҢЫЗҒА САҚ БОЛЫҢЫЗ!

Соңғы кездері Шымкенттегі көпқабатты үйлердің терезелерінен ата-анасының қарауынсыз қалған балалардың құлап кетуі жиі орын алып жүр. Соған байланысты тұрғындардың кездейсоқ, жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Төтенше жағдай департаменті тұрғындардың назарына ұсынады. 1. Баланың терезе алдына шыға алмайтындай етіп, жиһаздардың барлық түрлерін терезеден алыс қою керек. 2. Шыбын-шіркейден қорғайтын тор перделері қайғылы оқиғаға бірден-бір себеп, өйткені, бала өзін қауіпсіздікте санап, терезеге ...

Толығырақ »

МАЛ ӨЛЕКСЕЛЕРІ ТОЛЫҒЫМЕН ЖОЙЫЛДЫ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданындағы топан суда қалған 5 ауылдан шығарылған мал өлекселері толығымен жойылды. Бұл аумақтарда мал ауру түрлерінің таралу қауіпі жоқ. Бүгін бұл туралы Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы ветеринариялық шараларды ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Арман Тағаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн режимдегі брифингте мәлімдеді. Оның сөзінше, топан су басқан ауылдардан жалпы 931 бас мал өлексесі шығарылған. Оның 40-ы ірі ...

Толығырақ »

ҚАДІР ТҮНІН ҮЙЛЕРІНДЕ ҚАРСЫ АЛАДЫ

Түркістан облысында жалпы саны 748 мешітбар. Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ғибадат орындарында құлшылық жасау уақытша тоқтатылған болатын. Әлі де жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ. Демек, карантин режимінің талаптарына бағынып, сақтық шараларына аса мән беру қажет. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Қадір түнін үйде өткізуге үндейді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамберді ...

Толығырақ »

ҚОСТАҚЫР СУДАН ҚИНАЛМАЙДЫ

Енді қостақырлықтар ауыз судан қтналмайтын болады, деп жазады Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округі «Қостақыр» елді мекеніне ауыз су құбыры бүгінгі таңғы дейін жүргізілмеген болатын. Бұған дейін ауыл тұрғындары ауыз суды көршілес елді мекендерден тасымалдап ішіп келген. Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев биылғы қорытынды есеп беру кездесуінде, аталған ауылдың тұрғындарына ауыз судың мәселесін ...

Толығырақ »

ҚАЛАДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде Шымкент қаласы бойынша Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Әсет Әссанди қалалық арнайы мониторингтік топтың жұмыс қарқыны мен атқарған істері туралы сұхбат берді. Сұхбат барысында спикер арнайы мониторинг топтың Шымкент қаласындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің  Шымкент қаласы бойынша департаментінің жанында құрылып, негізінен түрлі салада жемқорлыққа қарсы, жемқорлық тәуекелдерін болдырмау жолында қоғамдық бақылау жүргізетін топ екендігін айтып ...

Толығырақ »

ТӨРТ СУ ҚОЙМАДАҒЫ СУ МӨЛШЕРІ ҚАЛЫПТЫ

Шымкент қаласы аумағында орналасқан су қоймаларынан келер қауіп жоқ. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков қала әкіміне Шымкенттегі су қоймаларының жағдайы жайлы баяндады, деп жазады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Мәселен, 1983 жылы салынған Текесу су қоймасының қазіргі сыйымдылығы 481 млн текше метр. ...

Толығырақ »

ҮКІМЕТТІК КОМИССИЯ МАҚТААРАЛҒА КЕЗЕКТІ РЕТ КЕЛДІ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр жұмыс сапарымен Мақтаарал ауданына келді. Ең алдымен Роман Скляр Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Өргебас ауылына ат басын бұрып, ондағы үйлерді судан тазарту жұмыстарының барысымен танысты, Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Естеріңізге сала кетейік, таяуда Мақтаарал ауданындағы орын алған төтенше жағдайға байланысты арнайы үкіметтік комиссия құрылған болатын. Оны бүгінде премьер-министрдің орынбасары ...

Толығырақ »

ТАЗАЛЫҚ. АДАЛДЫҚ. ПАРАСАТТЫЛЫҚ

Бүгін «ANTIKOR.LIVE» жобасы аясында тікелей эфирде  Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті Парасат басқармасының басшысы Дулатова Гүлбахыт Сәрсенбекқызы онлайн сұхбат берді. Сұхбатта төтенше жағдай кезіндегі қашықтықтан оқыту жағдайында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және академиялық адалдық талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселесі  сөз болды. Ұстаздар қашықтықтан оқыту барысына алдын ала дайындалып, қашықтықтан сессияның бағдарламасын жасап, қажетті материалдық-техникалық базасы толықтырылды. Профессор, ...

Толығырақ »

ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ – ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛ!

Ағымдағы жылдың 12 мамырынан бастап жыл соңына дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен «Қоғамдық бақылау – түбіртекті талап ет» акциясы қайта басталды. Бұл жобаға кез-келген үміткер қатыса алады, барлық жолданған өтініштер мемлекеттік кірістер органдарымен қаралып, заң бұзушыларға тиісті шаралар қолданылады. Бұл туралы Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің баспасөз хатшысы Баян Тұлғабаева мәлімдеді. «App Store немесе Play market жүйесінен «Wipon» ...

Толығырақ »

ЖЕУГЕ ЖАРАМСЫЗ

Сардоба су қоймасынан Мақтаарал ауданы аумағына ағып келген топан судағы балықтар жеуге жарамсыз. Бұл туралы ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертханасы» мамандары жасаған қорытындыға сай мәлім болып отыр. Зертхана мамандарының айтуынша, топан судағы балықтардың ішкі ағзаларынан бактериялардың бірнеше түрі бар екені анықталған. «Біз 12 мамыр күні су басқан елдімекендердегі балықтардың жарамдылығын анықтау мақсатында 4 дана балықты ...

Толығырақ »

ӘЙЕЛДЕРДІ АЛДАҒАН АЛАЯҚТАРДЫ ҰСТАДЫ

Түркістан облысы полицейлері екі сыныптас пен 10-нан астам әйелдерді алдаған алаяқтарды ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сарыағаш АПБ-не жергілікті тұрғын, жас жігіт арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, өзіне жақсы таныс емес тұрғын оның сеніміне кіріп, Ақтау қаласындағы фирманың біріне жұмысқа орналастырып беремін деп уәде етіп, өтеуіне қомақты ақша сұраған. Содан жәбірленуші алаяқтың сұрағанын беріп, жер сипап қалған. ...

Толығырақ »

ЕР ҚАРУЫ – БЕС ҚАРУ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи–мәдени қорық–музейінде «Ер қаруы — бес қару» тақырыбында онлайн-көрме өтті. Онлайн-көрменің мақсаты – сан ғасырлар бойы металл өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашқан ата-бабамыздың ерекше өнері мен дала өркениетін насихаттау. Ұлан-ғайыр жері мен елінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда қазақ халқы астындағы атына, білегінің күшіне, жүрегінің түгіне, ...

Толығырақ »

ҚАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ

Оттан және түттіннен зардап шеккен адамдарға медициналық көмек қажет болады, ал жедел көмек келгенше өрт сөндірушілер оларға дәрігерге дейінгі көмекті көрсетеді. Былай айтқанда өрт сөндірушілер-өртті де сөндіруші және құтқарушы, сонымен қатар дәрігерлік көмек көрсетуші де. Бұл жердегі барлық дағдылар тынымсыз жаттығудың арқасы. Өрт сөндірушілердің кзекшілігіндегі әрбір минут белгіленген. Бұл туралы «Ontustik» телеарнасының «Қауіпсіз қала» бағдарламасының эфирінде Өрт сөндіру және авариялық-құтқару ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК АРДАГЕРЛЕР МАҚТААРАЛДА

Қиналғанға қол ұшын созып, Мақтааралдықтарға демеу болу – азаматтық міндетіміз. Осылай деген Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі біз біргеміз деп тасқын судан зардап шеккен ағайынның қайғысын бөлісті. Бір жарым миллион теңгені арнайы қорға аударып, тұрғындардың жағдайын өз көздерімен көріп қайтты, деп жазады «On’tu’stik» телеарнасының тілшісі Н.Мұхамеджанның материалына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Еліміздегі қандай да бір қиындық, ол біздің бірлігімізді нығайтады, бауырмал ел ...

Толығырақ »

9579 АДАМ БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛАДЫ

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға арналған «Еңбек»бағдарламасы аясында Мақтаарал ауданының 9579 тұрғыны белсенді жұмыспен қамту шараларымен қамтылады. Оның ішінде 70 адамға шағын несие беру, 590 мемлекеттік грант беруді ұйымдастыру мен 3710 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Бұған қоса ауыл әйелдеріне бизнес-кейс (бал өсіру, құс өсіру, өсімдік шаруашылығы, жылыжай, саңырауқұлақ өсіру және т.б.), ақпараттық материалдарды ұсынумен блиц-тренингтер өткізіледі. Ал,жұмыспен қамту жол картасы аясында ...

Толығырақ »

1210 ОҚУШЫ ЛАГЕРЬГЕ БАРАДЫ

Мақтаарал ауданындағы техногендік апат салдарынан су астында қалған елдімекеннің мектеп жасындағы 1210 оқушысы жазғы каникулды тиімді өткізбек. Атап айтқанда, Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы оқу-сауықтыру лагеріне 15 күндік демалысқа үш кезеңмен 706 оқушы барса, Түркістан облысының Төлеби ауданында орналасқан лагерьге 504 оқушы жазғы демалыстарын өткізеді. Бүгін мақтааралдық 250 оқушы Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Балдәурен – Қапшағай» оқу-сауықтыру орталығына жолға шықты. Бұл ...

Толығырақ »

АЛҒЫСПЕН ЖАУАП ҚАТУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының кәсіпкерлері су тасқыны орын алған аймаққа гуманитарлық көмек әкелушілерге 600 тонна қырықабатты тегін таратуда, деп жазады облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі. Мақтаарал ауданында су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін аудан аумағында бүгінгі күнге дейін 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинақталды. Оның басым бөлігі азық-түлік, гигиеналық, медициналық, ...

Толығырақ »

ҚР ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ МАҚТААРАЛДЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ҚР Парламенті сенатының депутаттары Әли Бектаев, Әлімжан Құртаев және мәжіліс депутаты Ержан Құдайберген Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары Мақтаарал ауданындағы топан судан зардап шеккен ауылдарды аралап, жергілікті тұрғындардың қазіргі жағдайымен танысты, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сенаторлар алдымен төтенше жағдайға байланысты облыстық штабтың орталықтандырылған қоймасына ат басын бұрды. Ондағы атқарылып жатқан жұмыстармен ...

Толығырақ »

БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапары барысында топан судан зардап шеккен мақтааралдық тұрғындармен кездесіп, олардың қазіргі жай-күйіне қанықты. Қонақты күтіп алған «Nur Otan» партиясы облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев су алған ауылдар мен эвакуациялық бекеттерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҚҰЖАТТАРЫ ДАЙЫНДАЛУДА

Тасқын судан зардап шеккен тұрғындардың құжаттары дайындалуда. Мақтарал ауданында орын алған төтенше жағдай тұсында полиция қызметкерлері қырағылық танытып, көпшілікке көмек көрсетті. Бірі су ортасында қалған адамдардарды қауіпсіз жерге алып шықса, енді бірі эвакуция жұмыстарына атсалысты. Жолдарды ашып кептелістің болмауын қадағалады. Жайылымда жүрген төрт-түлікті айдап, аман алып қалды. Күн – түн демей, тәулік бойы еңбек еткен тәртіп сақшыларының бұл қызметіне бүгінде ...

Толығырақ »

БІРНЕШЕ ОТБАСЫН ҚУАНТТЫ

Түркістан облысы полицейлері «Отбасы күнінде» қайырымдылық жасап, балалар мен бірнеше отбасын қуантты, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Сарыағаш АПБ бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Мырзагелдиев қарамағындағы қызметкерлерімен бірлесіп, қасиетті Рамазан айында және 15 мамыр «Халықаралық отбасы күні» мерекесі күніне орай қайырымдылық жасап, игі іс атқарды. Отбасында өзі әке, өзі ана болып, перзенттерін асырап отырған жалғызбасты аналарға ...

Толығырақ »

КӨЛІКТІ ЗАҢСЫЗ АЙДАП КЕТКЕН

Шардаралық полицейлер көлікті заңсыз айдап кеткен күдіктіні, мас халде қолға түсірді, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өзгенің көлігін заңсыз айдап кету жайты Шардара ауданында орын алды. Бұл жолы Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша қала ішіндегі көшелердің бірінде орналасқан дүкенге өзіне қажетті заттар алу үшін тоқтап, «Ауди -100» маркалы автокөлігін есігі ашық күйде қалдырып кеткен, ...

Толығырақ »

СОРА ЕГУШІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы полицейлері сора егумен айналысқан кезекті күдіктіні анықтады Ордабасы АПБ-не аудан тұрғыны құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірумен айналысатыны туралы ақпарат келіп түсті. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Ордабасы АПБ-нің полиция қызметкерлері қарасора егумен айналысатын күдіктіні құрықтады. Жедел уәкілдер, күдіктінің Шұбарсу кентіндегі үйінің ауласын тінту кезінде өзіне тән айрықша иісі бар, есірткі затына ұқсас 20-дан астам түп өсімдікті тауып, тәркіледі. Сараптамаға ...

Толығырақ »

ТҮЙЕ ҰРЛЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КҮДІКТІЛЕР ҰСТАЛДЫ

Кентау қаласының полиция қызметкерлері түйе ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады, деп жазады ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Кентау қаласының Полиция бөліміне қала жанындағы ауылдардың бірінен жергілікті тұрғын арызданып, мал ұрлығы болғанын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың сәуір айында белгісіз тұлғалар оның 6 түйесін (тайлақ) жайылымнан ұрлап кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 188-1 бабы «мал ұрлығы» бойынша СДТТБТ-ға ...

Толығырақ »