Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 40)

Әлеумет

13 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырған екі азамат ТЖД қызметкерлері. Олар 1963 ж., 1993 жылғы. Қалған 11 азамат — 1973 ж.,1988 ж., 1989 ж., 1973 ж., 1999 ж.,1985 ж., 1984 ж., 1970 ж., 1994 ж., 1967 ж., 1946 жылғы қала тұрғындары. Олар мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған азаматпен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. ...

Толығырақ »

КӘСІПКЕР ҚЫЗДАР ЖОМАРТТЫҚ ТАНЫТТЫ

Шымкент қаласы Жастар мәслихатының депутаты Әлия Ортай бастаған бір топ жас кәсіпкер қыздар карантинде отырған көпқабатты біздің үйдің әлеуметтік аз қамтылған бес отбасына арнайы азық-түлік алып келіп, қасиетті ораза айында мол сауапқа кенелді. Жалпы біздің үй тұрғындары арасында аз қамтылған отбасылар саны қырықтан асып жығылады. Олардың арасында жалғызілікті аналар, көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылғандар, табысы төмен отбасылар бар. Басым көпшілігі бұл ...

Толығырақ »

ЖАҢАДАН ТОҒЫЗ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫЗЫЛАДЫ

Түркістан облысы Төлеби ауданында тоғыз тұрғын үй тұрғызылады.  Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысында тұрғын үй құрылысы жылдан жылға қарқын алып келеді. Мәселен, Төлеби ауданында соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша 5 қабаттан тұратын 10 тұрғын үй бой көтеріп, бас -аяғы 540 пәтер пайдалануға берілген. Бұл жұмыс өз жалғасын тауып, жергілікті тұрғындар ...

Толығырақ »

БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ

Келестік мемлекеттік қызметші суға кеткен қызды құтқарып қалды, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысы бойынша карантиндік режим енгізілген болатын. Карантин режимін сақтау бойынша Келес ауданында бақылау бекеттері орнатылып, соның Абай – Біртілек ауылдарының арасындағы бекет маңындағы «Ошақты» каналында 21 сәуірде кешкі сағат 18:00 шамасында оқыс оқиға орын алған. Яғни ...

Толығырақ »

АДАМДАРҒА ШАБУЫЛ ЖАСАДЫ

Абай ауданының Полиция басқармасы №5 УПП-нің учаскелік полиция инспекторлары М. Әбдірахманов пен Б. Ирисбеков аумақтарында патрульдеу кезінде адамдарға шабуыл жасаған қабаған итті ұстады. 24 сәуір күні сағат 15:30 шамасында Шымкент қаласы ПД-нің жедел басқару орталығына “Қазығұрт” шағын ауданындағы “Жандос” аялдамасының жанында адамдарға қабаған иттің шабуылдағаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полицейлер дереу оларды құтқарып алуға тырысты. Полиция қызметкерлерінің ...

Толығырақ »

2 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар Шымкент қаласының тұрғындары: 1966 ж.,1984 жылғы. 1966 жылғы азаматша, мұнан алдын коронавирус инфекциясы анықталған 1947 жылғы азаматшамен қарым-қатынаста болуына байланысты, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

ҚҰРМЕТТІ ТҮРКІСТАНДЫҚТАР!

Қасиетті Рамазан айының басталуымен баршаңызды құттықтаймыз! Ізгілік пен мейірімге толы айда ұстаған оразаларыңыз, игі амалдарыңыз бен құлшылықтарыңыз қабыл болсын! Жаратқаннан баршаңызға қуаныш, отбасыла­рыңызға береке-бірлік, Отанымызға гүлдену мен өркендеу, дінімізге қуат, барша мұсылмандарға тыныштық тілейміз! Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы

Толығырақ »

САУДАГЕРЛЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 7 базар мен 2000-нан астам сауда нысандары шаһар тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз етіп, карантиндік режимде жұмыс істеуде. Сатып алушылар мен сатушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік басқармасы тиісті сала өкілдерімен бірлесе отырып, түсіндірме, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді. Қазіргі таңда супермаркет, дүкендерде күніне бірнеше реттен дезинфекциялық тазалау жұмыстары жүргізіліп, санитарлық құралдар орнатылған. Келушілерге бетперде талап етіліп, нысанға кірмес ...

Толығырақ »

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШЕДІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында шаһардағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу бойынша онлайн-брифинг өтті. Брифингке қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қаладағы қоғамдық көліктердің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау, қолма-қол ақшасыз төлемдерді енгізу туралы жан-жақты мәлімет берді. – Қаламыздағы қоғамдық көліктерге электрондық төлем жүйесін енгізу жоспарлануда. Жоба «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвесторлар ...

Толығырақ »

ТОЛЫҚ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛДЫ

Еңбекші ауданы аумағындағы «Фиркан», «Магнум», «Грамад» сынды ірі сауда орындары мен «Айна», «Көктем», «Исатай» базарларының аумағы толық залалсыздандырылды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банк банкоматтарының іргелес жатқан аумақтарына да дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Оған №35748 әскери бөлімінің 100 сарбазы және 10 техника жұмылдырылды. Айта кетейік, Шымкент қаласында Төтенше жағдай режимі енгізілгеннен бастап залалсыздандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Дезинфекциялық шаралар күн сайын ...

Толығырақ »

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ІСТЕР

Бүгін Әл-Фараби ауданы аумағында коронавирус пандемиясына қарсы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша пресс-тур өтті. Аудан әкімі Ғабит Мәуленқұловтың баяндауынша, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ауданда дезинфекцилау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде санитариялық-эпидемияға қарсы және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауданда 4 арнайы жұмысшы топ (мобильный) құрылған. — Қазіргі таңда аудан аумағында індет ошағы анықталған 12 орын карантиндік режимде, барлық ошақтарда тұрғындар азық-түлікпен, басқа ...

Толығырақ »

КЕДЕРГІСІЗ КІРГІЗУДЕ

Шымкенттегі санитарлық бұғаттау бекеттерінен көкөніс тиеген көліктер кедергісіз өтіп жатыр. Тіпті әкімдік қызметкерлері шаруаларға өнімін қай базарға апарып сату тиімді екенін түсіндіруде. Өйткені қала әкімі М.Әйтенов төтенше жағдай кезінде халықтың қажеттелігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қаулы бекітіп, көрші аудандардан диқандардың қалаға кедергісіз кіріп-шығуына жағдай жасады. Оған қоса шаруаларға қаладағы «Қазыбек» базарынан арнайы орын бөлдіріп берді. Сөйтіп диқандар жылыжайдан жинаған өнімдерін ...

Толығырақ »

РАМАЗАН АЙЫНЫҢ БАСТАЛУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекет басұышы Қасым-Жомарт Тоқаев Рамазан айының басталуымен құттықтады. Құрметті отандастар! Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі. Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды. Өкінішке қарай, биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне ...

Толығырақ »

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЯТЫН ЕҢ ҮЗДІК ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Түркістан облысының білім саласында сыбайлас жемқорлықты жою мақсатында көптеген нәтижелі істер жүзе асуда. Бұл туралы облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысында облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев баяндады. Ол Елбасының бастамасымен 2 жыл бұрын құрылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жұмысының жетістіктерін ортаға салды, деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне ...

Толығырақ »

ЕРНАР АЙДАР КАРАНТИН РЕЖИМІН БҰЗДЫ

Әнші Ернар Айдар карантин режимін бұзды, деп жазады zakon.kz. Әнші мен тағы 12 адам бір бөлмеге жиналып, тікелей эфирде ұтыс ойынын ұйымдастырған. Бұл топты Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері ұстады. Негізгі іс осы бөлімнің өндірісіне алынған. Полиция өз құзіретіне сәйкес, бұл жағдайда қамауға алынған адамдарға карантин режимін бұзғаны үшін шаралар қолдануға құзырлы. ҚР ККАП-тің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды, — деп ...

Толығырақ »

АРЗАН БАҒАДА АЛА АЛАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азық-түлік пен көкөніс бағаларының тұрғындар үшін қолжетімді болуын тапсырған болатын. Осы ретте каламыздағы бірқатар жылыжай иелерімен келіссөздер жүргізіліп, базарларда өз өнімдерін делдалсыз төмен бағада сатуы үшін арнайы орындар берілді. Бүгінгі таңда фермерлер «Қазыбек» базарынан арнайы орын алып, жылыжайдан жиналған көкөністерін арзан бағада саудаға шығаруда. Бұл өз кезегінде қала тұрғындарына азық-түлікті, көкөністерді «Өндірушіден тұтынушыға» принципімен қолжетімді ...

Толығырақ »

ТАҒЫ ДА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Дәл қазіргі сәт — баршамыздың бірлігіміз сыналатын кезең. Әлем бойынша ауыр індетпен ел болып бірге күресіп келеміз. Елімізде жарияланған төтенше жағдай режиміне байланысты барлығымыз үйден шықпауға тиіспіз. Көрінбейтін вирусты көрінбей ғана жеңе алатынымызды түсіндік. Барлығымыз ауылда туып, шаңына аунап өстік. Бүгінде #Үйдебол челленджі аясында туған жерге деген патриоттық сезімді ояту мен өңіріміздің табиғатын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы тарапынан #Ауылым_алтын_тұғырым ...

Толығырақ »

БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қазір біздің қалыпты өмір сүру қағидаларымызға бірнеше шектеулер қойылды. Соның ең үлкені әрі қоғам үшін, өзіміз үшін аса маңыздысы – үйде болу. Әрине, тіршілігін қоршаған ортамен байланыстырған біз үшін бұл оңайға соғып жатқан жоқ. Әсіресе, үйдегі кішкентай ұл-қыздарымызға қиын соғуда. Алайда бұл біздің болашағымыз бен жақындарымыздың қауіпсіздігі үшін жасалып отырған жағдай. Осындай кезеңде үй ішінде, ...

Толығырақ »

ОБЛЫС ӘКІМІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Күні кеше Қазақ КСР-нің Халық ақыны, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлығының тұңғыш лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Отырар ауданының Құрметті азаматы Әселхан Қалыбекова 70 жасқа толды. Осы орайда, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің құттықтауын Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жеткізіп, ақын шаңырағына арнайы барып қайтты. Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты ақын 70 жылдық мерейтойын тек өз отбасы мен жақындарының жанында өткізді. «Қазақ ...

Толығырақ »

7 ОШАҚТАН КАРАНТИН АЛЫНДЫ

Бұл туралы Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Сала мамандарының айтуынша, қала аумағында 1174 азамат мониторингтік бақылауға алынған. Оның ішінде: стационарда – 826, үй карантинінде – 348. Індетке байланысты мегаполисте 71 ошақ тіркеліп, бүгінде оның 7-інен карантин алынған. Оқшауланған нүктелерге 300-ге жуық полиция қызметкері мен 559 Ұлттық ұлан сарбазы жұмылдырылған. Айта кетейік, тұрғындардың өмірі мен қауіпсіздігін, денсаулығын сақтау үшін 4 ...

Толығырақ »

39 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

Бүгін Ақпараттық коммуникациялар орталығында Шымкент қаласы Полиция Департаментінің бастығы, полиция полковнигі Ералы Жұмаханбетовтың қатысуымен төтенше жағдай кезінде қаладағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша онлайн-брифинг өтті. Департамент басшысының мәлімдеуінше, қазіргі таңда карантинге байланысты қалада 2000-нан астам адам тәулік бойы 3 ауысымда қызмет етуде. Оған 1206 полиция қызметкері, №35748 Әскери бөлімінің 196 сарбазы, 559 Ұлттық Ұлан сарбазы және 216 медицина мамандары жұмылдырылған. Айта ...

Толығырақ »

KASPI.KZ АРҚЫЛЫ БЕРУГЕ БОЛАДЫ

Қасиетті Рамазан айында пітір садақаны үйден шықпай, мобильді қосымша арқылы төлеуге болады. Төтенше жағдайға байланысты kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы пітір садақа мен зекет төлеуге болады. ҚМДБ пен банк басшылығы арасындағы келісім бойынша, жоба Рамазан айында жүзеге асырылады. Қайырымдылық жасау үшін бар болғаны «Төлем» → Іздеу → Пітір садақа сервисіне өтіңіз: https://dz3a4.app.goo.gl/zakat Онда пітір садақа мен зекеттен бөлек, фидия мен садақа да ...

Толығырақ »

БІР НАУҚАС КӨЗ ЖҰМДЫ

1968 жылғы азамат Шымкент қаласы, Абай ауданының тұрғыны. 52 жастағы науқас 20 сәуір күні қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылып, жағдайының ауырлығына байланысты өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Науқаста жүрекшелердің фибрилляциясы, дилатациялық кардиомиопатия, артериалдық гипертензия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігі, қант диабеті сияқты қосымша ауру симптомдары болған. Вирус жұқтырған азаматқа емдеу хаттамасына сәйкес қажетті ем шаралары жүргізіліп, республикалық мамандармен біреше рет кеңес ...

Толығырақ »

БАҒА ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылайтын 4 мобильді топ жұмыс істеуде. Кәсіпкерлік саласының жауапты мамандары бекітілген 9 түрлі әлеуметтік азық-түліктің бағасын бақылау үшін күнделікті супермаркет, дүкендер мен базарларды аралап, тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда қаламызда 2000-нан астам дүкен бар. Мобильді топ қызметкерлері дүкен иелеріне ассортименттегі тауар түрлерінің шекті бағадан аспауы керектігін ескертіп, күнделікті мониторингтік жұмыстар жүргізуде. Егер азық-түлік дүкен иелері ...

Толығырақ »

42 500 ТЕҢГЕДЕН КӨМЕК АЛДЫ

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Бұхарбай Пармановтың қатысуымен коронавирус пандемиясына қарсы ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде онлайн-брифинг өтті. Бұхарбай Рысқұлұлының баяндауынша, төтенше жағдайға байланысты аудан тұрғындарына бірқатар әлеуметтік көмектер берілуде. Карантинге жабылған «Тәуелсіздікке — 20 жыл» тұрғын алабын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, «Біз біргеміз» акциясы шеңберінде 107 отбасыға тегін азық-түлік себеті таратылған. Сонымен қатар «Грамад», «Карлс крона» компаниялары мен «Қазыбек» ...

Толығырақ »