Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru

Ежедневные архивы: 21.06.2018

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ТӨЛЕ БИ АУДАНЫНДА ТҮЙМЕБАЕВ

Түркістан облысының жаңа әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Төле би ауданында болып, Елбасының тапсырмасы мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын пысықтады. Ең алдымен облыс басшысы Көксәйек ауылдық округіндегі «Гала», «Голден делишес», «Айдаред», «Ред делишес» атты алма сұрыптарының 87500 түп ағашы бар, Озықбай Абзал Мейрамбекұлы басқарып отырған «Keremet agro Group» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жұмысымен танысты. Ары қарай облыс әкімі Тасарық ауылында орналасқан ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бесінші сессиясы өтті. Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Зұппархан Шалданов жүргізіп отырған басқосуға облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев және аудан әкімдері мен облыстық, қалалық, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының, департамент пен басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жансейіт Қансейітұлын жаңадан құрылған Түркістан облысының әкімі болып тағайындалуымен құттықтаудан басталған сессияның күн тәртібінде облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қ.Жамашевтың ...

Толығырақ »

«HIGHVILL» ҮЙЛЕРІ ШЫМҚАЛАДА САЛЫНАДЫ

Шымкентте әлемге әйгілі «Highvill» компаниясы тұрғын үйлер салмақ. Шымкент әкімдігі, «Highvill» құрылыс компаниясы және «Шымкент» ӘКК осындай үш жақты меморандумға қол қойды. Көп қабатты үйлер «Shymkent City» аумағына салынады. Құрылыс компаниясы осы мақсатта 160 млрд теңге шамасында инвестиция құймақ. Компания салатын құрылыс алаңының жалпы ауданы 52 гектарды құрайды, ондағы үйлер кешенінде 5500 пәтер мен 6700 орындық көлік тұрағы қаралған. Компанияның өкілдері ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІҢ ЖАҢА ЕСКІ ӘКІМІ

Шымкент қаласының жаңа әкімі болып Ғабидолла Әбдірахымов тағайындалды. Бұл қызметте ол Нұрлан Сауранбаевты алмастырды. Мегаполистің жаңа әкімін қалалық активке Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы Әділбек Жақсыбеков пен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев таныстырды. Олар Ғабидолла Әбдірахымовқа сәттілік пен ауқымды жобалардың жүзеге асырылуын тіледі.     Айта кетейік, Ғабидолла Әбдірахымов бұған дейін Шымкентті облыс орталығы кезінде басқарған болатын. Қала әкімі қызметіне 40 жасында тағайындалған. Оған дейін ...

Толығырақ »