Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРГЕ!»

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ БІРГЕ!»

Шымкент қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында сурет байқауы өтті. Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда жастарды тарту мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Ә.Қастеев атындағы өнер және дизайн колледжі жас суретшілер арасында байқау өткізді. Байқауға 100-ге жуық жас суретшілер қатысып, плакаттар мен компьютерлік графика бағыттары бойынша сайысқа түсті. Аталған сайыс жеңімпаздары арнайы Грамоталармен марапатталып, олардың жұмыстары «Сыбайлас жемқорлыққа қары бірге!» жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнамалар халықаралық жастар байқауына жолданады,сондай-ақ, үздік жұмыстар www.anticorruption.life ресми сайтында жарияланады.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және бірлескен тиімді шараларды қабылдау мақсатында ҚР Мемлекеттің қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен ТМД-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекетаралық кеңестің шеңберінде Ресей Федерациясының, Беларусь Республикасының, Армения Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Қырғыз Республикасының уәкілетті органдарымен белсенді өзара әрекеттесуде. Осылайша, 2018 жылғы 2 шілдеде Ереван қаласында Кеңестің кезекті отырысы өтті, оның барысында Ресей Федерациясының Бас прокуратурасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында өткізу бойынша бастама көтерді.

14 жастан 35 жасқа дейінгі қатысушылар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірге!» тақырыбында плакаттар және бейнелер форматында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнама әзірлеп, онда қоғамның барлық деңгейлерінде және барлық қызметі салаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қазіргі заманғы тетіктерін, сондай-ақ аталған бағытта халықаралық ынтымақтастықтың рөлі мен маңыздылығын көрсететін болады. Байқаудың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі Мәскеу қаласында Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күнінің қарсанында жоспарланған.

Өз тілшімізден

Пікір жазу