Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Облыс жаңалықтары » ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЕТІСАЙДА ШЕКАРАШЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов 2037 әскери бөлімінде болып, шекарашыларды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Ұлы Жеңістің 79 жылдығы» мерекелерімен құттықтады, – деп хабарлайды Didarbek.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Темірдей әскери тәртіп пен жылдамдықты, шыдамдылық пен отансүйгіштікті, алғырлық пен жауапкершілікті бір арнаға тоғыстырған мамандық иелерінің тыныс-тіршілігімен, қару-жарақтарымен және әскери техникалардың жай-күйімен танысты. Сонан соң жеке құраммен кездесіп, мерекемен құттықтады.
«Отанді сүю – иманнан» деген аталы сөз ұлттың амандығын, елдің тыныштығын сақтауда ат үстінде ұйықтамай ұлтына қорған болатын өздеріңіздей азаматтарға қарата айтылған болса керек. Баршаңызды «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» және «9 мамыр – Жеңіс күні» мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ұлан-ғайыр мемлекеттік шекарамызды қорғауда еңбектеріңіз орасан.
Возможно, это изображение 15 человек
Сіздердің қиын да абыройлы, жауапкершілігі мол істеріңізге табыс, мықты денсаулық, қажымас қайрат тілеймін! Жауапты қызметтеріңізде қашан да табыстан табысқа жете беріңіздер! Еліміз аман, шекарамыз тыныш болсын!» деген аудан басшысы бірқатар шекарашыларға өз атынан алғыс хаттар табыс етті.
Возможно, это изображение 5 человек и текст
Шара соңында 2037 әскери бөлімінің бастығы Серік Үсенұлын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің
алғыс хатымен марапаттады.
© Didarbek.kz

Пікір жазу