Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан қаласында темір жол вокзалы алдындағы аллеяны абаттандыру жұмыстары басталды ⠀

Түркістан қаласында темір жол вокзалы алдындағы аллеяны абаттандыру жұмыстары басталды ⠀

Түркістан қаласының әкімдігі қаладағы теміржол вокзалы алдындағы аллеяға абаттандыру жұмыстарының басталғанын хабарлап, тұрғындар мен қала қонақтарының назарына нысанның болашақ көрінісін ұсынды.

Абаттандыру жұмыстарының барысында аяқжол төсеу, жарық көздерін, орындықтар мен қоқыс жәшігін орнату, кіші архитектуралық пішіндер қою жоспарланған.
Сонымен қатар, су ұңғымасы қазылып, декоративті ағаш көшеттері отырғызылады және газон егіледі.


Алдағы уақытта, темір жол вокзалының ішкі жүйесі де заманауи талапқа сәйкестендіріліп, қалаға келген туристер үшін ақпарат алу бекеті (ресепшн) сынды жүйелер қойылады.
Қала қақпаларының бірі — Теміржол вокзалы мен көркейген демалыс орны Әз Наурыз мерекесі қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Еліміздің рухани астанасы атанған – Түркістан қаласы көз алдымызда күннен — күнге көркейіп келе жатқаны анық. Осы орайда, қаланың сәулетіне-сәулет қосатын, ажарын аша түсетін көптеген ғимараттар бой көтеріп, қала халқының игілігіне берілмек.

Пікір жазу