Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕДІ

АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ҮНДЕДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының өкілдері облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Түркістан қалалық орталық ауруханасының» қызметкерлерімен арнайы кездесіп, адалдық құндылығы аясында ашық диалогтық алаң құрды, деп жазады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Жиынның негізгі мақсаты — азаматтық қоғам қалыптастыруға белсенді жұртшылықты жұмылдыру және әділдік, парасаттылық құндылықтарын кең көлемде насихаттау.

Ақ халатты абзал жандармен өткен келелі кездесуге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері А.Абпазов, Е.Тұңғышбаев пен денсаулық сақтау саласының жауапты қызметкерлері мен мекеме ұжымы қатысты.

Кездесу барысында Штаб мүшелері халықтың үніне құлақ түру мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін тілге тиек етіп, алыс шалғайдағы ағайынмен жүзбе-жүз кездесу — ақпараттық ағартушылық бағыттағы жұмыстарға оң нәтиже беретінін атап өтті.

Адалдық пен парасаттылық принциптері сөз болған жиын соңында жиынға қатысушылар тарапынан бірқатар тегеурінді сұрақтар қойылып, соған сәйкес нақты жауаптар берілді.

Пікір жазу