Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСЫ

АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ЖЕМІСТІ ЖҰМЫСЫ

Осыдан бір-екі күн бұрын елдегі төтенше жағдай мен карантинге байланысты ұлы Абайдың 175-жылдығын атап өте алмай қалған Шымкент тұрғындарының орнына қаттырақ «тойлап» жіберген Абай саябағындағы электр бағаналарды байқап қалдық: бір-екеуі мас болып құлап тұрған, бір-екеуі жанында «пахмель» таппай жылап тұрған…

«Мейрамгершілік» қой деп жанымыз ашып кетті де, дереу қала әкімдігіне хабарластық. Ол жақта да азаматтар бар екен, телефон тұтқасын түсірмей жатып, әрі қарай тапсырмалар бере бастады. Нәтижесінде, бір күн ішінде барлық бағаналар аяқтан тік тұрып, келесі мерекеге сақадай сай дайын болып тұра қалды.

Дер кезінде қаққан дабылымызға назар аударып, барлық бағаналарды жылдам әрі сапалы құтты орнына қондырған Абай ауданының қызметкерлеріне айтар алғысымыз көп!

© Әсет Әссанди,
Шымкент қаласы бойынша
Арнайы мониторингтік топтың жетекшісі.

Пікір жазу