Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

«ДӘРІГЕРЛЕРДІ АРДАҚТАЙЫҚ!» АКЦИЯСЫ ӨТТІ.

« » Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен : «Реаблитациялық орталығы 2» емханасында медицина қызметкерлеріне арналған «Дәрігерлерді ардақтайық!» жалпыұлттық акциясы өтті.


Акцияның мақсаты — ел аумағында жұқпалы індеттің таралуы кезінде қас қақпай жұмыла қызмет еткен, өз өмірлерін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырларына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс айту, қолдау көрсету.


Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер дәрігерлерге арнап иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған 50-ден аса денсаулық себеттерін дайындады.
Акцияға «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Қозыбахов Шыңғыс Лесбайұлы қолдауымен, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық мәслихат депутаты фракция жетекшісі Төлегенов Бекайдар Мұсаұлы, « » Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының белсенді жастары қатысты.


Аталмыш акция дәрігерлердің ерлікпен пара-пар еңбектеріне алғыс білдіру мақсатында қаламызда 5-ші рет ұйымдастырылып отыр.
Аталған акцияны дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

 

Пікір жазу