Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » АЗАМАТ ТҮРКИЯҒА БАРАДЫ

АЗАМАТ ТҮРКИЯҒА БАРАДЫ

Өз қатарластары мен мұғалімдер арасында сүйінші хабарды есіткеннен Азамат туралы: «АЗАМАТ МЫҚТЫ! ОЛ ЕНДІ «СӘЛЕМ, ТҮРКИЯ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНЕ БАРАДЫ!» деген ақжолтай сөздер айтылып жатты. Иә, ол сөз рас. Жақында Шымкент қаласында «Атадан-мұра» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен бүлдіршіндер, мектеп оқушылары мен жасөспірімдер арасында «Ұлы дала ұрпағы» республикалық байқауы өтті.Байқаудың негізгі мақсаты — елдегі көрінбей жүрген өнерлі өрендерге қолдау білдіріп, әлемге таныту.
Осынау дүбірлі додаға Астана, Алматы, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларынан, тағы басқа облыстардан, аудандардан дарынды жастар қатысып, өнер түрлерінен бақ сынасты. Мұнда киелі Сайрам елінің жеткіншектері де өнер көрсетті.
Байқауда Сайрам аудандық білім бөліміне қарасты №61 Сүйерхан Базарбаев атындағы негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы Азамат Ғалымжанұлы
Жугунисов «аспапта ойнау» номинациясы бойынша үздік өнер көрсеткені үшін I орын иеленіп, қараша айының 1-5 аралығында өтетін «Сәлем, Түркия» халықаралық музыкалық фестиваліне және Алматы қаласында өтетін келесі байқауға жолдаманы жеңіп алды. «Талант тас жарады» деген осы ғой. Ал, Азаматты осы өнер додасына дайындаған жетекшісі, мектептің білікті мұғалімі Бақытгүл Хайрудинова арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Бұл байқау – балалардың өнері шыңдалып, жұлдызы жануына үлкен мүмкіндік. Сондай-ақ, дәстүрлі ән мен күй және жыраулық өнердің мәртебесін арттыру, ұрпақ санасына сіңіру жолындағы маңызы ерекше. Бүгінде бұл байқау балалар шығармашылығына қолдау көрсететін, ынталандыратын, сонымен қатар балалар тәрбиесіне үлкен үлес қосатын, рухани байлық беретін игі шараға айналды.Байқауға қатысқан талантты шәкірттеріміз бен ұстаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз! Азаматтың түрік елінде де жарқырайтынына сенеміз.
Тағы бір қуанышты хабар — аудандық оқу-өндірістік комбинатында «TuranBalaFest» үздік
өнерпаздар телебайқауының «Сурет» номинациясы бойынша байқауы өткізілді.
Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, дарынды тұлғаны тәрбиелеу мен одан әрі дамытуда жүйелі және мақсатты қызмет, рухани, моральдік және мәдени құндылықтармен таныстыруды мақсат еткен байқау сәтті болды. Аудандық байқау қорытындысы бойынша №97 Сұраншы батыр атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы Алина Ким және «Сайрам» жалпы орта мектебі» ЖШС-нің 11-сынып оқушысы Малика Полатова облыстық кезеңге жолдама алды. Жарайсыңдар!
Ә.Маратұлы.

Пікір жазу