Басты бет » Көкейтесті » «Полицейлер жалпы 1315 шақыртуға шықты»

«Полицейлер жалпы 1315 шақыртуға шықты»

Иә, Шымкент қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбалары жасанды емес, жатық тілде жазылады-ау бір күні деген үмітіміздің оты әлі де сөнбей келеді. «Көш жүре түзеледі» деген бабаларымыздың сөзі бар, әрине. Бірақ, түзелетін мерзімі бір емес, бірнеше жылға созылып бара жатса, не істеуіміз керек?

«Қалада 3-9 ақпан аралығында жол қозғалысы бойынша 2823 әкімшілік хаттама толтырылған». Қатені байқап тұрсыздар ғой?

«Ең көбі, көлік басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлескендер…» Бұл тіркесті қалай түсінсеңіздер де, еріктісіздер.

«Екінші орында қауіпсіздік белдігін тақпағандар саны – 377». Құдды, Оңтүстік Кореядағы Олимпиада репортажындай!

ШЫМКЕНТТЕ «ТЕМІРЛАНТАС» ЖОЛЫ БАР ЕКЕН!..

«Автокөліктің терезесін күңгірттеу – 124, мас халде автокөлік басқарғаны үшін – 18, қарсы бағытқа шығу бойынша – 8 жүргізушіге хаттама толтырылған». Бастапқыда базар бағалары екен деп қалдық. Десек те, сөйлем дұрыс құрастырылмаған.

«310 автокөлік айыптұраққа жөнелтілген болса, оның 67-і эвакуатормен жеткізілген». Қалған көліктер «айыптұраққа» жаяу жетті ме екен?

«Уақытша бейімдеу және уытсыздандыру орталығына 143 адам жеткізілген». Бұндай орталықтың бар екенін естіген бе едіңіздер? Бәлкім, «уақытша ұстау және оңалту орталығы» болар?

САУАТСЫЗДЫҚ САЛҚЫНДАТАР САНАНЫ…

Қысқасы, қала әкімдігі сауаты жоғары адамға баспасөз қызметінің тізгінін тапсыруға қорқатын сияқты. Сондықтан болар осындай шала сауатты ақпараттар жарияланып жүргені. Әйтпесе, Әйгерім Жұмағұлованы сынағанымызға бір жылдан асып бара жатыр. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің жазбаларын қаптаған қателерден «уытсыздандыратын» мезгіл жеткен сияқты…

Ә.Ә.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*