Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жетісайда еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Аудандық ішкі істер басқармасының бастығы қызметін атқарған полиция полковнигі, Жетісай және Мақтаарал аудандарының құрметті азаматы Әбдіғаппар Серікбаевты еске алуға арналған сайыс Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Жетісай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің, аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мен «Жастар» спорт клубы ұйымдастырып отыр.
Шараның ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен спорт ардагерлері мен қоғам қайраткерлері, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары, аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ғабит Жанаев қатысты.
2007-2008, 2009-2011, 2012-2014, 2015-2016 жылы туған жасөспірім балуандар боз кілемде 20, 23, 26, 29, +30, 32, 33, 35, 36, 38, 39, +42, 48, 52, 57, 60 және +80 келі салмақта өзара мықтыларды анықтаған байрақты бәсекеде Қырғызстан, Өзбекстан республикаларынан, Түркістан, Алматы және Шымкент қалаларымен қатар Төлеби, Сарыағаш, Қазығұрт, Түлкібас, Шардара, Сайрам, Келес, Мақтаарал және Жетісай аудандарынан келген 400-ге жуық жас балуан күш сынасты.
Жарыс қорытындысымен командалық есепте өзбекстандық балуандар жүлделі ІІІ орынды иеленсе, ІІ орын Жетісай аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасының қанжығасына байланды. Ал жүлделі І орын Жетісай аудандық №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі балуандарына бұйырды.
Турнир соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысқандар, жастарды спортқа баулып жүрген жаттықтырушылар арнайы дипломдармен, ұйымдастырушылар тағайындаған медальдармен марапатталды.

Пікір жазу