Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

ТҮРКІСТАН: АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК 21 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің алдында тұрған басты міндеттің бірі – салауатты, саналы, білімді, ақыл-парасаты мол және ғылыми-мәдени өрісі кең ұрпақ тәрбиелеу басты реформаларының бірі екендігін ерекше атап өтті.
Арыс қаласының 11 сынып оқушысы Шапағат Сейілханға әлемге әйгілі 21 жоғарғы оқу орны өз гранттарын ұсынған. Олардың қатарында Case Western University, Chicago State University, Clark University, Colarado State University, California State University секілді оқу орындары бар. Ал Шапағаттың таңдауы Чикаго университетіне түскен. Себебі, аталған оқу орны әлемдік рейтингте жоғары бағаланады.
Әлемдік жоғарғы оқу орындарының назарын аударуға Шапағаттың жазған түйіндемесі себеп болған. Онда ол өзінің өмірі мен талабы туралы ерекше жазба қалдырған. Әлемнің 28 университетіне жазған хаттарынан 21 жауап келген. Баршасы жас түлекті оқуға шақырған.
«Тамыз айының соңында IELTS тестін тапсырып 6,5 балл жинадым. Содан «Сommon app» бағдарламасы арқылы әлемдік жоғары оқу орындарына хат жаздым. Арада 3-4 ай өткенде оқуға шақыртулар келе бастады. Қатты қуандым. Әке-шешем де, ұстаздарым да дән риза. Шет елде білім алуға ата-анам қарсы емес. Дегенмен, әлі нақты келісімін бермеді. Енді қаңтар айында гранттың толық нәтижесі шығады. Сол кезде қай университтетте оқитыным белгілі болады» — дейді арыстық оқушы.
Жас түлектің таңдап отырған мамандығы халықаралық қатынастар саласымен тікелей байланысты. Ол шетелде жүріп, дипломатиялық іскерлік саласында қызмет еткісі келеді.

Пікір жазу