Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН АЙМАҚТЫҚ ФОРУМ ӨТТІ

Түркістан облысының білім басқармасы, Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырумен Шымкент қаласында өңірлік жас педагогтермен «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас педагогтер форумы өтті.
Форум мақсаты — білім беру мазмұнын сапалы ендірудің тиімді механизмін құру арқылы жас ұстаздарға қолдау көрсету.
Форумға қатысушылар “Педагогтің қызметіндегі зерттеу”, “Инклюзивті оқыту”, “Пәндік кәсіби құзыреттілікті дамыту” тақырыптарында қозғалған өзекті ашық алаңдарға қатысып, тәжірибе жинады.
Бұл форумға Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарынан ағылшын тілі пәнінің жас педагогтері қатысып, кәсіби тұрғыдан бағдар алды.
Дәлірек айтсақ, қараша айының 25-і күні Түлкібас ауданында осындай форматта жас мамандар форумы өтетін болады. Себебі, мұндай іс-шаралардың жас мамандарға берер мүмкіндігі мол.

Пікір жазу