Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » «Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді!» атты облыстық слеті жеңімпаздары анықталды

«Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді!» атты облыстық слеті жеңімпаздары анықталды

Бүгін, Түркістан облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, Түркістан қаласы, Отырар мөлтек ауданы, «Ақжайық» музыка мектебінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет» жөніндегі декомпозицияланған жоспарына сәйкес, «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары студенттерінің қатысуымен «Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді!» атты облыстық слеті өтті.
Шараның мақсаты – білім беру ортасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен тұтастықты қалыптастыру, «Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысына жастарды, жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттері мен мектеп оқушыларының қатысуын қамтамасыз ету.
Қатысушы топтар өздерін толық таныстырып, атап айтқанда өз-өнерлерін көрсетіп, «Саналы ұрпақ – сыбайластыққа жол бермейді!» атты тақырыпта, сыбайлас жемқорлықтың жою жолдары бойынша өз жобаларын қорғап шықты.
Аталған сайыстар нәтижесіне сәйкес:
I орын — “Дарабоз” командасы
(Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжі)
II орын — Кентау “Арнаулы кәсіптік колледжі”
II орын — “Алаш ұрпақтары” командасы (Түркістан жоғары медицина колледжі)
III орын — “Арман” командасы
(Түркістан көпсалалы жоғары медициналық колледжі)
III орын — “1424” командасы
(Мақтаарал аграрлық колледжі)
III орын — “Әділдік” командасы
(Түркістан көпсалалы индустриалды техникалық колледжі)

Пікір жазу