Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » САЙРАМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

САЙРАМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖИЫНЫ ӨТТІ

Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты аудандық білім бөлімдерінде апта ішінде бірқатар ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
САЙРАМ: ҚҰҚЫҚТЫҚ ОҚЫТУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Сайрам ауданының білім бөлімінің әдіскерлері зорлық-зомбылық, ерте жүктілік, құқықбұзушылықтың алдын алу мен қауіпсіздік шаралары туралы тақырыпта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. №33 Шойынбаев жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемесінде өткен құқықтық оқыту жиынына мұғалімдер, сынып жетекшілер, дтіжо, қосымша білім беру педагогтары, тәлімгерлер мен 9-10-11 сынып оқушылары қатысты.
Аталған жиын барысында бөлім қызметкерлері қылмыс пен құқықбұзушылық жасағанда неше жастан заң алдында жауапкершілікке тартылатыны, бала құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты түсіндіріп өтті. Одан өзге, қыз тәрбиесі мен ерте жүктіліктің алдын алу, ер балалардың тәртібі, қоғамда өзін өзі ұстау мәдениеті, рухани адамгершілік тақырыптарын да тілге тиек етті.
Кездесу соңында әдіскерлер К.Мусаева, У.Курбантаев, іс-шараға қатысушыларды Республика күні мерекесімен құттықтап, алдағы оқу тәрбие процессінде үлкен жетістіктерге жетулеріне тілек білдірді.
Жиынға қатысушы оқушылар жоғарыда аталған тақырыптар төңірегінде түрлі сауалдарын қойып, спорттық үйірмелердің көбірек ашылуын сұрады.
“ОТАНЫМ ЖҮРЕГІМДЕ” БАЙҚАУЫНА 100-ДЕН АСА ӨТІНІМ ТҮСТІ
Түркістан облысы білім басқармасы “25-қазан Ұлттық Республика күні” қарсаңында әлеуметтік желіде “Отаным жүрегімде” челленджін жариялаған еді. Конкурсқа қатысуға мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының тәлім алушыларын қосқанда 100-ден аса өтінім келіп түсті.
Негізгі мақсат: елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге, бай-қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
Ереже бойынша қатысушылар Отан, Жер ана, Туған жер тақырыптарында мәнерлеп өлең оқып, талапқа сай бейне роликті өзінің Facebook парақшасына Түркістан облыстық білім басқармасының ресми парақшасын тектеп (Басқарманың Facebook парақшасы; «Түркістан Облысының Білім Басқармасы») және #ОтанымЖүрегімде хештегін белгілеп, басқарма тарапынан ұсынылған байқауға қатысатынын ескертті.
Бейне роликтерді қабылдау уақыты 20-25 қазан күндері жүргізілді. Қазіргі таңда шығармашалық топ барлық қатысушылардың өлеңін жеке тыңдап, жеңімпаздарды анықтауда.
Байқау қортындысына сәйкес үздік 10 материал іріктеліп(6 мектеп оқушысы мен 4 колледж студенті) марапатталады. Жеңімпаздарды 30 қазан күні ресми, өлеңдерімен жариялаймыз!
Патриоттық өлеңді мәнерлеп оқып, байқауда белсенділік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!
ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР ҚАТЫСУШЫЛАРЫМЫЗ АНЫҚТАЛДЫ
Түркістан қаласы, №27 Ө.Жәнібеков атындағы IT мектеп-лицейінің базасында шығармашыл оқушылар арасындағы бүгін «Ақберен» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңі өтті. Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық, қалалық білім беру бөлімдерінен және мамандандырылған білім беру ұйымдарынан жалпы саны 132 оқушы қатысты.
Байқау мақсаты: 8-11 сыныптың шығармашыл оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарынын таныту (ақындық, шешендік шеберлігі, түрлі ұлттық аспапта ойнау т.б.) қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.
Байқау қатысушылары ережедегі шарт бойынша 6 номинация бойынша бақтарын сынады.
Айтулы өнер додасында оза шауып, Республикалық кезеңге жолдама алған оқушыларымыз:
1. Хамза Манзура — Төлеби ауданы, “Шешендік, білгірлік сайысы”;
2. Қойшыбай Нұрислам — Созақ ауданы, “Көркемсөз оқу”;
3. Құлжанбаева Аяулым — Мақтаарал ауданы, “Эссе жазу”;
4. Абликадир Нүркен — Шымкент қаласы, “Ұлттық аспапта өнер көрсету”;
5. Қуаныш Аян — Қазығұрт ауданы, “Ақындар айтысы”;
6. Балқыбек Абзал — Түлкібас ауданы, “Ақындар мүшәйрасы”.
Оқушыларымызға қорытынды республикалық кезеңде бағы мен бабы қоса шауып, жеңіспен оралуын тілейміз!
БАСТЫ МАҚСАТ- БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ
Түркістан облысы білім басқармасына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Смирнова Ирина Владимировна арнайы келді. Дөңгелек үстелде білім сапасын арттыру бағытындағы жаңа жобалар талқыланды. Білім басқармасының басшысы Ғалымжан Сұлтанбекұлы өз кезегінде білім сапасын арттыру- басты назарда екенін баса айтты.
Еліміз бойынша оқушылары жетістікке қол жеткізген бірқатар білім беру ұйымдарының басшылары ZOOM платформасы арқылы қатысты. Сондай-ақ, басқарма басшысының орынбасарлары мен жауапты бөлім басшылары ойларын ортаға салып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.
Жаңа жобада мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы білімді арттыру мен біліктілікті жетілдіру дағдылары айтылады.
“Түркістан облысы білім саласындағы ауқымды, мұғалімдері мен оқушылары ең көп аймақ болғаннан кейін бірінші кезекте талқылауды осы жерден бастауды жөн көрдім” , — дейді мәжіліс депутаты.
АҚТАУДАҒЫ КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК БАЙҚАУЫНДА ТҮРКІСТАНДЫҚТАР БАҚ СЫНАЙДЫ
23-27 қазан аралығында Ақтауда ТжКБ ұйымдарының педагогтері арасындағы Республикалық кәсіби шеберлік байқауы өткізілуде. Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін анықтау, қолдау, тәжірибе алмасу мақсатында өтіп жатқан шараға Түркістан облысынан «Сән технологиясы», «Цифрлық модельдеу» құзіреттіліктері бойынша Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінің арнайы пән оқытушысы, «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша Түркістан көпсалалы техникалық колледжінің шебері Сапаралы Қымбат және «Аспаз ісі» құзыреттілігінен Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы Серикбаева Салтанат қатысуда.
Республикалық шеберлік чемпионатына қатысушыларға сәттілік тілейміз!
ЖАПОНИЯДА ӨТКЕН КӨРМЕГЕ ТӨЛЕБИЛІК 2 ОҚУШЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚОЙЫЛДЫ
Жақында Жапонияда балалар өнерінің бүкіләлемдік көрмесі ұйымдастырылды. Аталған көрмеге 59 мемлекеттен жолданған 11 мың 607 шығармашылық жұмыс қойылды. Бұл жұмыстардың тек 520-сы марапатқа лайық деп саналды. Марапат берілген жұмыстардың арасында Төлеби аудандық балалар көркемсурет мектебінің екі оқушысы Мереке Мейрамбек пен Айша Орынбасар салған суреттер де бар.
Көркемсурет мектебінің директоры Мекенбай Исақов 25 қазан – Республика күні қарсаңында аталған көрмені ұйымдастырушылардан келіп жеткен марапатты Мереке мен Айшаға табыс ете отырып, олардың жетекшілері Ботагөз Биболова мен Айман Төлегеноваға алғыс білдірді.
ОРДАБАСЫЛЫҚ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР «ЖАС ҰЛАН» БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАНДЫ
Ордабасы аудандық білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 25 қазан Республика күніне орай, 5 сыныптың үздік оқушыларын, республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау жиыны өтті.
Салтанатты жиын, Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Жиынға мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтауға, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Ордабасы аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрабаева Шұға Тұрмаханбетқызы «Жас Ұлан» ұйымына қабылданатын оқушыларды құттықтап, әрдайым жетістіктерге жетуіне сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға арнайы қонақ болып шақыртылған аудандық әкелер мектебінің төрағасы, ардагер ұстаз Жүсіп Лесбек Жас Ұлан қатарына қабылданатын үздік оқушыларға еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болуға, ізгі тілегін білдірді.
Оқушылар «Жас Ұлан» қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.

Пікір жазу