Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » САРЫАҒАШ: «БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС»

САРЫАҒАШ: «БІЛІМ МЕН ИННОВАЦИЯ: БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАҢА КӨЗҚАРАС»

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және білім беру саласындағы проблемалық мәселелер бойынша уақытылы шешімдер қабылдау бойынша қажетті консультативтік көмек көрсету мақсатында «Білім мен инновация: білім беру процесіне жаңа көзқарас» атты ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күні аудандық әдістемелік кабинет әдіскерлерінің қатысуымен №5 С.Ысмайылов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде болып өтті. Жиынның негізгі қадамдарына оқу-әдістемелік кешендерінің көрмесін презентациялау, шығармашылық зертханалардың жұмысы, аудан педагогтеріне оқу-әдістемелік, тәрбие жұмысын ұйымдастыру және проблемалық мәселелерді шешу жолдарын іздеу бойынша сауалдарына жауап беру, тәжірибелік жұмыстар өткізу, жұмыс жоспарларын талқылау, аудан педагогтерінің ұсыныстарын қабылдау.

Сонымен қатар аудандағы Дарын мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сұлтан Сүлейменов педагогтарға арналған мастер-класс өткізді. Мастер-класс әдістемелік жұмысты жетілдіру, шығармашылық потенциалды дамыту және балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың мұғалімдерінің кәсібінің беделін көтеру мақсатын қамтыды.

 

 

 

 

Пікір жазу