Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » ОРДАБАСЫДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА «АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ» ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Ұлтусын Мұратбектің ұйымдастыруымен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен, педагог-психологтармен «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталықтарының» жұмысын жүргізу әдістемесі туралы семинар өткізілді.
Семинарда орталықтың жұмысын жүйелі ұйымдастырудың жолдары, әдістері қарастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен 04.09.2023 жылы өткен №28 кеңестің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық орталықтары ашылу туралы Ордабасы ауданы білім бөлімінің №267 бұйрығы шығарылып, әдістемелік нұсқау хат және бағдарламасымен таныстырылған.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасында 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына педагогикалық қолдау бағдарламасының тақырыптары 1-қосымшаға сәйкес ұсынылған болатын, қайта еске түсіріп, таныстырылды.
Орталықта ата-аналарға педагогикалық дәрістер, балалармен қарым-қатынаста психологиялық, педагогикалық тұрғыдан бағыт бағдар беріледі. Бұйрыққа сәйкес мектептің педагог-психологы, әлеуметтік педагогы, қосымша білім беру педагогтары, сынып жетекшілері ұсынылған тақырыптар аясында оқыту, кеңес беру, тренингтер өткізеді.
Отбасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру: ата-ананың балаға назар аударуы, қолдау, позитивті қарым-қатынас, өзара түсіністік, сенімге құрылған қарым-қатынас орнатуға көмек беру, сол бағытта кеңестер мен дәрістер жүргізетіні түсіндірілді.
Жалпы аудан бойынша тәрбие ісі бойынша директор орынбасарлары мен педагог-психологтарға «Ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қолдау орталықтарының» жұмысы аясында тағы да таныстыру, бағыт бағдар беру жиыны өткізілді.
Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара іс-қимылы бойынша жұмысты күшейту және ата-аналардың позитивті мәдениетін дамыту- орталықтың басты басымдықтары болса, ол іс-тәжірибеде қатысушылардың топтарға бөлініп коучинг түрінде постер қорғап, түйткілді мәселелерді талқылауымен көрсетілді.

Пікір жазу