Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » «Ұлы дала перзенттері» тақырыбында қалалық іс-шарасы өтті

«Ұлы дала перзенттері» тақырыбында қалалық іс-шарасы өтті

Кентау қалалық білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес, «Отанды сүю ең ұлы сезім» жобасы аясында Ә.Молдағұлова атындағы мектеп лицей базасында жалпы білім беретін мектептердің Өзін өзі басқару мен Жас ұлан біріңғай ұйымының жұмыстарын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу мақсатында «Ұлы дала перзенттері» тақырыбында қалалық іс-шара өтті. Іс –шараға қала әкімінің орынбасары А.Н.Байболова, Түркістан облысы «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы» әлеуметтік педагогикалық бөлімі меңгерушісі Сейтінбетов Мағжан Қанатұлы,полиция бөлімінің ЮПТ ның басшысы СЖ.С.Ахметов, білім бөлімінің басшысы Ә.А.Ауелбеков,мектеп басшылары, педагог ұйымдастырушылар, Аға тәлімгерлер, мектепішілік парламент мүшелері, 21 қазан күні республика бойынша өтілетін сайлауға түсетін үміткер мектеп президенттері қатысты. Іс-шара саз мектебінің оқушыларының орындауындағы «Адай» күйімен ашылып, бағдарлама бойынша үміткер президенттердің «Егер де мен …..» ток-шоуына жалғасып, қонақтармен сұхбаттар жүргізілді. Жалпы 23 білім беретін мектептерде 7407 оқушы парламент мүшелеріне қабылданды, ағымдағы жылдың 21 қазан күні республика бойынша өтетін сайлауға 91 оқушы өз кандидаттарын ұсынды . Ал оның ішінде бүгінгі іс-шараға 23 мектепішілік президентікке үміткерлер кездесуге келіп алдарына қойған жаңа бағыттарымен бөлісіп және мереке қарсаңында жалпы мектептердегі 115 үздік оқушылар Жас ұлан біріңғай қатарына өтті.
Ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев айтқандай – «Бүгінгі жастар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы, мемлекетіміздің мәртебесі. Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі. Біз халқымызды әлемге танытқан ең асыл қаситеттерді сіздердің бойларыңыздан көргіміз келеді –дегендей біз осы отырған жастарымызға деген үмітіміз зор Жастарымыздың өз буындарының Отанын сүйетін, оның дамуы үшін теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесін қосатынына кәміл сенеміз. Іс шара педагог-ұйымдастырушылар мен Аға тәлімгерлердің «Атамекен» хорымен қорытындыланды. Сәттілік серіктеріңіз болсын Ұлы дала перзенттері, біз сіздерге зор үміт артамыз. Қазақ жастары бойындағы отан сүйгіштік қасиетпен сенімге селкеу түсірмей, үмітті ақтар деген ойдамыз. Сол себепті жастарға, болашақ ұрпаққа өз — өзімізді дұрыс басқаруымызға, өз мінездерімізді, айтатын сөздеріміз бен істейтін істерімізді өз қолымызға алып, жақсы азамат болып өсулеріңізге тілектеспіз!

Пікір жазу