Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Болашақ » «Арайлым» балабақшасында педагогикалық оқу өтті

«Арайлым» балабақшасында педагогикалық оқу өтті

Түлкібас ауданының білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес, «Арайлым» бөбекжай- бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорында «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзіреттілігін дамыту» тақырыбында аудан көлеміндегі, мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің қатысуымен педагогикалық оқу өткізілді.
Педагогикалық оқуды өткізудегі мақсат:
«Өрлеу»біліктілікті арттыру институтынан алған білімдерін бөлісу және өз тәжірибелерінде қолдану барысын көрсету және тәжірибе алмасу. «Арайлым» бөбекжай-бақшасы» тәрбиешілері шебер сынып, дөңгелек үстел және қимылды ойындар көрсетті.
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілерінің кәсіби даму барысында педагогикалық оқу өткізудің тиімді екені айтылып және тәрбиешілер көрсеткен жұмыстары сипатталды, тәрбиешілердің қызығушылықтары мен ізденістерін арттыруға және кәсіби құзіреттілігін жетілдіру бағыттары айқындалып, ұйымдастырылды.

Пікір жазу