Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » ОҚО жаңалықтары » «ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» – ЖАСТАР ЖОЛЫ

«ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» – ЖАСТАР ЖОЛЫ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» республикалық тарихи-экологиялық акциясының үшінші кезеңі өтуде.

Осыған орай, Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» тарихи-экологиялық экспедициясы эстафетасын Жамбыл облысынан Түркістан облысына қабылдап алу рәсімі өтті.

Алматы облысынан бастау алған акция аясында ғалымдардан, түрлі этнос жастарынан құралған экспедиция мүшелері еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштермен танысып, киелі орындарда тазалық жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін акция эстафетасын Жамбыл облысының жастары Түркістан облысына табыстады. Шымкенттегі «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында өткен шараға Жамбыл облысының делегациясы, Түркістан облыстық «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы өңірлік штабының мүшелері қатысты.

Жиыннан кейін экспедиция мүшелері өңіріміздегі тарихи-мәдени орындарға жол тартты. Олар бүгін «Отырар төбе» қалашығына, Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайына, «Арыстанбаб» кесенесіне, Түркістандағы облыстық тарихи-мәдени этнографиялық орталығына, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік қорық-мұражайына барып, тарихи құндылықтарымен танысады.

© DIDARBEK.kz

Асхат Әссандидің фоторепортажы

Пікір жазу