Молдасейітов Қайрат Құсейінұлы 1967 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы, Қордай ауданына қарасты Қаракемер ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1991 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтында «орман шаруашылығы инженерін», ал 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде «заңгер» мамандықтарын бітірген. Бүгінгі күнде «Отау Групп» компаниясын басқаруда. Қайрат Құсейінұлының жалпы еңбек өтілі – 25 жыл. Мемлекеттік қызмет өтілі 4 жылдан астам. Еңбек жолын 1992 ...
Толығырақ »Авторские архивы: Әсет ӘССАНДИ
ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БЕЙБІТ БЕРТАЕВ
Суретші-кескіндемеші, фотосуретші — Бертаев Бейбіт Нарынбекұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара қаласында 1987 жылдың 1-мамыр айында қарапайым отбасында дүниеге келген. Балалық шағын ОҚО Түлкібас ауданының Шақпақ баба елді мекенінде өткізді. Тылсым табиғаттың сұлулығына қызыққан оқушы кезінде болашақта суретші болуға бел байлаған. Аңсаған арманына жету үшін тау-тасты қағаз бетіне бейнелеп, сабақ үстінде мұғалімнің портреттік бейнесінде салуға қызықты. 2004 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтының «Бейнелеу ...
Толығырақ »ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: БАҚЫТЖАН АЛДИЯР
Бақытжан Алдияр – ақын. Халықтық, қазақы ұлттық көркемдік уыздың қайнарларынан бастау алатын Бақытжандық тіл, Алдиярлық діл – ақынның айрықшылығы. Мархабат Байғұт: «Ең алдымен, Бақытжан – бәріміздің үнемі бір бүйіріміз бұрып тұратын кәдімгі нағыз қазақы ауылдың жыршысы. Оның ауылға деген сағынышы, махаббаты, балғын балалығына деген аңсары «Ауылға жазған арзулар» топтамасындағы жырларының әрбір шумағынан айқын сезіліп тұрады», – деп Бақытжан ақынның шығармашылығы ...
Толығырақ »ЖҮЗ ЖАҢА ЕСІМ: АБАЙ ҚАЛШАБЕК
Абай Батырұлы Қалшабек – ақын, аудармашы. Хикметтік проза жазумен, орыс-батыс классиктерін аударумен айналысады. Абай Батырұлы Қалшабек 1980 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Рабат аулында дүниеге келген. 2003 жылы «Қайнар» университетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. 2001 жылы қараша айында өткен Республикалық жас ақын-жазушылардың кеңесіне қатысты. Өлеңдері облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті», республикалық ...
Толығырақ »ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛҒАН
«ОҢТҮСТІК» Аймақтық инвестициялық орталығы облыс кәсіпкерлеріне жылына 7-8 пайыздық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие беру арқылы оларға қолдау көрсетіп келеді. Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының Басқарма төрағасы Қуаныш Байтөре айтты. Оның айтуынша, қаржы орталығында кәсіпкерлер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған. Яғни, кепілдікке ауылдық жердегі мүлік алынады, бастапқы старт-ап жобалар қарастырылады. Тиімді өтеу кестесі жасалынады. ...
Толығырақ »ӨҢІРІМІЗДІҢ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРЫ
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздің ардагер ұстаздары мен білім саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, марапаттады. «Ұстаздар кәсіби мерекесі – бүкіл халықтық мереке. Әлемдегі әр адамға білім беріп, мамандық таңдаумен қатар өмір жолына бағыт беретін – Ұстаз. Ендеше, төл мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Елбасымыз атап өткендей, қазақстандықтардың ешқашан бұлжымайтын екі ережесінің біріншісі – ұлттық код пен ұлттық мәдениеттің ...
Толығырақ »ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН АСТАМ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕП
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев жарты ғасырдан астам тарихы бар, үш тілде оқытатын мамандандырылған Шымкент қаласындағы №12 мектеп-интернатында болды. Онда әкім кеңес дәуірінің Социалистік еңбек ері, мектептің алғашқы директоры Маржан Тасованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, білім ордасының мұражайымен, балалардың жасаған қолөнер бұйымдарын және кітапхана жұмысымен танысты. Сонымен қатар, аймақ басшысы ардагер ұстаздармен кездесіп, қазан айының бірінші жексенбісі өткен «Мұғалімдер ...
Толығырақ »ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ
2017 жылғы 29 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институты мен ОҚО ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің конференция залында «Латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың жарқын болашағы» тақырыбында эксперттік талқылау өтті. Эксперттік талқылауға Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының эксперттері, облыстың зиялы қауым өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, тіл мамандары қатысты. Эксперттік талқылауда ...
Толығырақ »Артық ғылым – кітапта
Хакім Абай: «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дейді. «Жақсы кітап – ақылды адамның әңгімесімен бірдей» депті Толстой. Құндылықтың кілті – кітапта. Әлішер Науаидың «Кітап – ақылына алтын сұрамайтын алтын қазына» деген тәмсілін біздің кейіпкеріміз де берік ұстанады. Оның дәлелі – ауыл кітапханасы. Өркен Есейұлы ауыл тұрғындарын көркем әдебиетке тарту мақсатында өз қаражатынан қаржы бөліп, кітапхана тұрғызды. Ол кітапханаға 3800 ...
Толығырақ »Туған жерге туыңды тік
Спортты сүймейтін бала жоқ. Кішкентайынан асық ойнап, доп тепкен ауылдың қара домалақтарының ең үлкен арманы – спорт кешенінде жаттығу. Іскер азамат ауылдағы ағайынның арманын далада қалдырмай, олардың спортпен шұғылдануына ерекше жағдай жасап берді. Оның дәлелі – Есей Баймаханұлы атындағы спорт кешені. Ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай, қаңырап қалған ғимаратты жекеменшіктен сатып алып, өз қаржысы есебінен қыруар қаржы құйып, зәулім спорт сарайына ...
Толығырақ »Ізгіліктің бастауы – отбасы
«Әке – асқар тау, Ана – баурайындағы бұлақ» деген тамаша тәмсіл бар. Әрбір отбасы – шағын мемлекет. Әке мен ана сол шағын мемлекеттің құрушысы, иесі, қорғаны. Баланың да жақсы болуы – ата мен анаға байланысты. «Атаға қарап ұл өсетіні, ана қарап қыз өсетіні» белгілі. Өркен Есейұлының да әкесінің ерекше жан болғанын ауылдағы ағайын жиі айтып отырады. «Есей ақсақал өте мейірімді, ...
Толығырақ »АУЫЛДАН БАСТАҒАН…
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады» деген еді. Расында да, әр адамның «шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені» бар. Ол қасиетті ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТІҢ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік пен жауапкершілікті, жаңашылдықты сіңдіру мақсатында «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукенмен жастардың кездесуі өтті. Кездесуге өңіріміздің 14 аудан, қалаларынан 100-ден астам қатысып, көкейдегі ұсыныс-пікірлерін білдірді. «Қазақстан КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен: Ұлттық құндылықтарды келесі ұрпаққа жеткізу үшін біз өзіміздің ұлттық кодымызды ...
Толығырақ »«АУЫЛДАҒЫ БІР КҮНІМ»
Отырар ауданындағы «Алаш» этноауылында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Салт—дәстүр ұлттық рухтың негізі» тақырыбы аясында облыс жастарының «Ауылдағы бір күнім» реалити байқауы өтті. Сайдың тасындай іріктеліп, 5 командаға бөлінген жастар ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғырту, жастардың бойындағы шығармашалық қабілеттері мен өнерге деген құштарлығын арттыру мақсатында өзара сынға түсті. Сайыста ер жігіттер мал сойып, ...
Толығырақ »«Рухани жаңғыру» аясында
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі», – деп атап өткен болатын. Осы орайда, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Арыс қаласында «Алаш» қозғалысына 100 жыл толуына орай А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин шығармаларын оқып-білу, оларды ...
Толығырақ »ТУЫС ЕКІ ЕЛ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстанға жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін елге оралды. Құрамына зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері енген керуенді Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы күтіп алып, көршілес елдің тарихи-мәдени орындарымен таныстырды. Бауырлас елдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған сапар аясында қазақстандықтар алдымен Ташкенттегі Төле баба кесенесіне зиярат етті. Самарқандағы әйгілі ...
Толығырақ »ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев 1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай ұйымдастырылған «Алтын жас – Золотой возраст» атты мерекелік шараға қатысты. Онда өңір басшысы қазыналы қарияларды мерекемен құттықтап, бірқатар ардагерлерді марапаттады. Орталық саябақта денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шарада облыстың білікті дәрігерлері қарт кісілерді тегін диагностикалық тексеруден өткізіп, кеңестерін берді. Ардагерлерді сауықтыру ісіне де ерекше мән беріліп келетінін ...
Толығырақ »ЭЛЕКТРОНДЫ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ
Оңтүстік Қазақстан облысында кешенді медициналық ақпараттық жүйе қолданысқа енгізілуде. Бұл жүйені іске асыру үшін 8582 компьютерлік техника сатып алынып, жыл соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары компьютермен 100 пайыз жабдықталатын болады. Яғни, мамандар медициналық ұйымдардан науқас туралы электронды ақпарат алмасу үшін бірыңғай сервер арқылы байланысады. Ол ақпарат автоматты түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққа түсіп отыратын болады. Бұл туралы облыстық ...
Толығырақ »«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ»
Оңтүстік Қазақстан облысынан Өзбекстан Республикасына жол тартқан «Достық керуені» жобасына қатысушылар бүгін Ташкентке жетті. Құрамына зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен БАҚ өкілдері енген керуенді Өзбекстан Республикасындағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының басшылығы күтіп алды. Делегацияны бастап барған Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов іс-шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын қолдау әрі бауырлас ...
Толығырақ »ҚАЛА КҮНІ МЕРЕКЕСІ
Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте қала күні мерекесін атап өту басталып кетті. Іс-шара алдымен оқушылардың шеруімен басталды. Әл Фараби алаңында өткен ерекше шеруді Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдіраxымов және елағалары мен шаһар тұрғындары тамашалады. Алаңға жинаған өнер мектебінің шәкірттері, музыка және хореография ұжымдары мен жас спортшылар мерекелік шерумен жүріп өтті. 1500-ден астам оқушы қатысып, сап түзеген ...
Толығырақ »ОҢТҮСТІКТІҢ ДАМУЫ
Өңір басшысы облыста «Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың» мемлекеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін 158 кооператив ашылғанын хабарлады. Ауыл шаруашылығы саласына бағытталған инвестиция көлемі 21,8 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артқан. Аймақ басшысы осы саладағы ілкімді істердің бірі — биыл Шымкент механикалық зауытының базасында модульдік сүт қабылдау бекеттерін жинау өндірісі басталғанын айтты. Бүгінгі таңда 15 модульдік сүт қабылдау ...
Толығырақ »ЖИЫН ӨТКІЗДІ…
Премьер-министр Оңтүстіктен Солтүстік аймаққа көшу мәселесіне де тоқталды. Бұл бағытта жүйелі жұмыстардың атқарылу барысын сөз еткен Бақытжан Сағынтаев көшіп барған азаматтарға жер беру, оларды тұрақты жұмыспен, баспанамен қамту қажеттігін атап өтті. Әсіресе, іскерлік қабілеті жоғары шаруалар мен кәсіпкерлерді жіберу қажеттігін айтты. Бұдан бөлек, жиында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев туризм және кәсіпкерлік салаларында атқарылған жұмыстар жайын баяндады. Мемлекет басшысының ...
Толығырақ »ӘЛЕУЕТТІ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША
Шымкенттегі «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен туризм және кәсіпкерлік салаларының даму мәселелері мен жұмыспен қамту, еңбек ресурстары бойынша жиын өтті. Отырысқа еліміздің бірқатар министрлері мен солтүстік облыстары әкімдерінің орынбасарлары, аудан-қала әкімдері, басқарма басшылары мен кәсіпкерлер қатысты. Мәжіліске қатысушыларды күн тәртібімен таныстырған Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстанға жасаған жұмыс сапары барысында өңірдегі бірқатар өндіріс орындарын аралап, жұмысымен ...
Толығырақ »ОҚО-ДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМДАРЫ
Жаңа жүйе қоланысқа енсе, қағаз түріндегі құжат айналымы азайып, науқастардың медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Сондай-ақ, облыс халқы республикада алғашқылардың бірі болып, электрондық денсаулық паспорттарына қол жеткізбек. Биыл облысымызда модульдік яғни құрамалы медициналық пункттерді сатып алу жоба іске қосылды. Жыл соңына дейін 20 модульдік медициналық пунктер ел игіліне берілмек. Осындай бір пункттің құны жергілікті бюджет үшін құрылыс салуға ...
Толығырақ »ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕТІН БОЛАДЫ
Алдағы қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысындағы жедел медициналық көмек қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мақсатында бірыңғай Call-орталығымен планшет арқылы байланыспен жабдықталған 74 бірлік санитарлық автокөлік жұмысын бастайтын болады. Аталған жаңа жүйе әрбір медициналық көмек бригадасына науқасқа жету уақытында онлайн режимде пациент туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бұл туралы қаладағы №4 облыстық перинаталды орталығында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев бастаған жұмысшы топ алдында баяндама ...
Толығырақ »