Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Төтенше (страница 16)

Төтенше

ТАЛАПТАР ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 1 мамырдан бастап кейбір кәсіпкерлік нысандарының қалпына келтірудің бірінші кезеңі басталды. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталықта ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 27 сәуірдегі мәлімдемесіне орай өткен брифингте айтылды. Брифинг барысында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қалада санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып, бірінші және екінші кезеңде қайта жұмысын бастайтын нысандар туралы жан-жақты ақпарат берді. — Қаламызда бүгіннен бастап, бірінші ...

Толығырақ »

ЕЛБАСЫ СІҢІРГЕН ЕҢБЕК ОРАСАН

Қазақ халқында «Ынтымақ жүрген жүрде ырыс бірге жүреді» деген сөз бар. Елбасы айқындаған сарабдал саясатты ұстанып, берекелі бірлігіміз бен ырысты ынтымағымызды арттырдық. Іргелі мемлекет болып қалыптасып, өзгемен тереземізді теңестірдік, тұрмысымызды түзедік, тарихымызды түгендедік. Бүгінде татулық пен тұрақтылық орныққан ортақ Отанымыз – Қазақстан ынтымақ ұясына, татулық төріне айналды. Мемлекетіміздің қарқынды дамуына тұрлаулы саясат пен ішкі бірліктің арқасында қол жеткіздік. Рухы биік, ...

Толығырақ »

«АУЫЗ АШАР» ЧЕЛЛЕНДЖІ ЖАЛҒАСУДА

«BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында​ «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының үйлестіруімен ​ ауданда жүріп жатқан «Ауыз ашар» челленджін Келес ауданының белгілі кәсіпкері, партия мүшесі Әбдіғаппар (Әбен) Ордабаев мырза қолдап, жалғасын тапты, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Бүгінгі күні жаны жомарт кәсіпкер Әбдіғаппар Ордабаев «BIZBIRGEMIZ»​ ​республикалық акциясы аясында партияның «Ауызашар» ретінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және ...

Толығырақ »

64 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ

Қаланың Еңбекші ауданында күні бүгінге дейін 519 аула абаттандырылған.​ Биыл тағы 64, ​ келер жылы 47 ауланы абаттандыру жоспарда бар. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтеновтың Тоғыс тұрғын алабына барған сапарында мәлім болды.​ Қала басшысы ондағы Мұнайбарлаушылар​ көшесіне салынған ойын алаңшасымен танысты. Мердігер компания ғарыштық үлгіде бой көтерген​ балалар алаңшасына құрылғыларды арнайы Ресейден алдырыпты. Маңында үш спорт алаңы да бар. ...

Толығырақ »

534 493 АДАМНАН ӨТІНІМ ТҮСКЕН

2020 жылғы 1 мамырдағы мәлімет бойынша шымкент қаласынан төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік төлем алу үшін арнайы портал,сайттарында 534 493 адамнан өтінім түскен. Оның ішінде 277 555 адамға әлеуметтік төлем тағайындалған болса, 253 216 азаматтың өтініші бойынша оларға әлеуметтік төлем тағайындалмайтындығы анықталып, кері қайтарылған. Жалпы әлеуметтік төлем алатын 277 555 азаматтың ішінде 264 773 өтініштер бойынша, ал, 12 782-іне проактивті (атаулы ...

Толығырақ »

8 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 2016, 1997, 1989, 1984, 1972, 1990, 1964, 1996 жылғы туылған қала тұрғындары. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. ...

Толығырақ »

ҚЫРЫҚҚАБАТ ТЕГІН ТАРАТЫЛДЫ

Бүгін Шымкентке қырыққабат әкелген Мырзашөл өңірінің диқандары қала тұрғындарына бір күнде 63 тонна қырыққабатты тегін үлестірді. Қасиетті Рамазан айында қала әкімінің бастамасымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған азаматтарға шағын тарту жасаған диқандар: – Біздің көздегеніміз – мұқтаж жандарға көмек беру арқылы сауап жинау, індет тараған тұста қаладағы ағайынға аз да болса қуаныш сыйлау, деді. Өз кезегінде ерте пісетін бақша өніміне қол ...

Толығырақ »

БІРЛІГІМІЗ БЕКИ БЕРСІН!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерді 1-Мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын! Тәуелсіз елдің тұмары — татулық пен тұтастық. Егемен елдің ен байлығы — бірлігі. Қазақстан халқы бір тудың астында бір мақсатпен бірігіп берекесін бекемдеп, ынтымақпен ырысын арттырып отыр. Әсіресе қазіргідей әлемді әбігерге салған қауіпті дертпен күресте түсіністікпен тұтастығымызды айғақтап отыр. Осындай қастерлі құндылықты ұғына білген әрбір азаматқа алғыс айтамын. ...

Толығырақ »

ҚҰРЫЛЫС БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласының Тұран шағын ауданында бүгінде 42 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы басталған. Тағы 26 тұрғын үйдің жобасы әзірленіп жатыр. Оның үшінде 16 қабатты 4 үй, 8 қабатты 12 үй, 9 қабатты 15 үй бар. Олардың жобасы мамыр айында сараптамадан шығады деп күтілуде. Мұнан өзге 20 көпқабатты үйдің жобалық сметасын әзірлеуге байқау жарияланып, мердігер мекеме анықталған. Жалпы жыл соңында дейін ...

Толығырақ »

COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН АЙЫҚТЫ

30 сәуірдегі мәліметке сай, Түркістан облысында 9 науқас дерттен айығып үйлеріне оралған. Олардың 7-і бір отбасы мүшелері, Түркістан облысы, Арыс ауданының тұрғындары екені белгілі болды. Аты-жөндерін жариялағысы келмегенімен, дәрігерлерге деген шексіз алғыстарын білдіруді өтінген. Алдағы уақытта уақытша үй карантинінде дәрігерлердің қадағалауында болады. Жалпы, «Арыс аудандық орталық ауруханасының» бас дәрігері Ерғали Әлімбаевтың ұсынысымен карантин жарияланған «Наурыз» мөлтек ауданы мен оған жаппарлас елді ...

Толығырақ »

ТОЛЫҚТАЙ ШЕШУ ЖОСПАРЛАНУДА

Еңбекші ауданындағы 16 тұрғын алаптың 11-де ауыз су мәселесі бар. Бұл жөнінде қала әкімі Мұрат Әйтеновтың Бадам-1 тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуі барысында мәлім болды. Сондықтан, 2020 жылы аудандағы 2 мыңнан астам абонентке су тарту жұмыстарының жобалық сметасы әзірленіп жатыр. Егер құжат осы жылы дайын болса, келер жылы құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі Ғалымжан Ілиясовтың айтуынша, құрылыс жұмыстары жоспар ...

Толығырақ »

КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

Шымкентте тағы екі науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққандар 1973 және 1970 жылғы қала тұрғындары. Дертінен сауыққан азаматшалар 11 сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына дене қызуымен түскен. Инфекция жұқтырған қос науқаста вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ, дейді мамандар. Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 30 сәуір ...

Толығырақ »

КӨПІРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкенттегі Бадам өзені бойында салынып жатқан көпірде қайта құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 2019 жылдың қараша айында Шымкент қаласындағы «Қорғас — Алматы — Шымкент — Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілген болатын. Аталған көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені – 28,2 метрді құрайды. Көпір 2 ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРҒА КӨШЕГЕ ШЫҒУҒА РҰҚСАТ

Түркістан облысында бүгіннен бастап шектеу шаралары жеңілдеді. Енді бұрынғыдай 24 сағат бойы үйде қамалып отырмай бір мезет аулаға шығып таза ауамен тыныстауға, қажет болған жағдайда, көшеге шығып шаш қысқартып әсемдік салондарына барып келуге болады. Себебі, облыс көлемінде бас санитардың бұйрығымен аумағы 250 шаршы метрден аспайтын қызмет көрсету орындары өз жұмысын бастады. Сонымен қатар енді асханалардан тапсырыс бойынша тамақ алдыруға да ...

Толығырақ »

ЖОЛ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының қалалық филиалы мен Арнайы мониторингтік топ, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өкілдері жол құрылысы барысын бақылау мақсатында рейдтік іс- шаралар өткізді. Бұл жолы «Телман» шағын ауданында салынып жатқан М.Әуезов көшесі қоғамдық және ведомстволық бақылауға алынды. Арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жол төсемесін, тротуарларды, сондай-ақ трасса ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МҰҚТАЖ ОТБАСЫЛАРҒА КӨМЕК БЕРДІ

Түркістан облысы Төлеби ауданының жастары өз қаражаттарынан ақша жинап, мұқтаж отбасыларға көмек берді, деп жазады Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Түркістан облысы Төлеби ауданының еріктілері жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантин кезінде бірқатар әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға азық-түлік тауарларын таратты. Студенттерден құрылған жомарт жандар мұндай игі іс атқару үшін өз қалталарынан қаржы жинап, оған күнделікті ...

Толығырақ »

МАҚТА ДӘНІН СЕППЕК

Бүгінгі таңда Шардара ауданында көктемгі дала жұмыстары барысында 59 мың 300 гектар суармалы жер игерілуде. Оның 1 мың гектарын күздік бидай, 1500-ін арпа, – 1500-ін күріш, 3000-ын дәндік жүгері, – 500-ін маш, 100 гектарын күнбағыс, 18000 гектарын мақта, 14742 гектарын ескі жоңышқа, 4098-ін жаңа жоңышқа, 3300-ін сүрлемдік жүгері, 250 гектарын картоп, 600-іне көкөніс, 10710 гектарына бақша дақылдарын егу жоспарлануда. Сондай-ақ, ...

Толығырақ »

ЧАТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  Түркістан облысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантиндік режим кезінде облыс аумағында жүріп- тұруға рұқсатнама беретін ботты чат іске қосылды. Яғни, «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkistan Bot» чаты арқылы тіркеліп, рұқсат алған компаниялар мен оның қызметкерлері және автокөліктері қала аумағында кедергісіз жүре алатын болады. Қала аумағында жүріп- тұруға рұқсат алу үшін аталған чатта мекеменің БИН номерлері мен қызметкерлердің ЖСН ...

Толығырақ »

САЙРАМДА 13 БЛОКБЕКЕТ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Төтенше жағдай режимінде аудан аумағында жол қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауданға және елді мекендерге кіріп-шығу жолдарында санитарлық 12 блокбекет орналастырылып, 1 обсервация госпиталі жұмыс атқаруда: Ақсукент ауылындағы Қарабұлақ тасжолында «Ақсукент» бекеті, Манкент аулындағы «Манкент», Қарасу ауылындағы «Мәртөбе», Ақбастау ауылындағы «Ақбастау», Қарабұлақ ауылындағы «Қарабұлақ», Қожақорған аулындағы «Қожақорған», Көлкент ауылындағы «Қосбұлақ», Әсіл ауылындағы «Әсіл», ...

Толығырақ »

9 НАУҚАС ІНДЕТТЕН АЙЫҚТЫ

Түркістан облысында коронавирус инфекциясынан жазылғандардың қатары артуда. 30 сәуірдегі ақпарат бойынша Түркістан облысында 9 азамат коронавирус инфекциясынан жазылған. Облыста бүгінге дейін инфекциядан жазылғандар саны — 38. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. Түркістан облысы, Арыс қаласының 1995 жылғы тұрғыны 12 сәуір күні КВИ, расталған жағдай, жедел бронхит диагнозымен ауруханаға түскен. 31 наурыз күні ...

Толығырақ »

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ СӘТТІ БОСАНДЫРДЫ

Босану уақыты таяған 22 жастағы жүкті әйел Кентау қалалық орталық аурухананың жұқпалы аурулар стационарына 27-ші сәуір күні түскен. Толық тексеру жүргізіліп, коронавирусты инфекцияның орташа дәрежедегі ауырлық жағдайы расталған. Науқаста дене қызуының көтерілуі, екі жақты пневмония, жөтел белгілері болған. Сонымен қатар жүктіліктің ауыр дәрежеде өтуі мен қан аздық орын алған. Гемотрансфузия жасалынып, емдеу шаралары жасалды. Нәтижесінде аурухананың білікті дәрігер-реаниматолог, гинеколог және ...

Толығырақ »

3 АДАМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Вирус жұқтырғандар 1966, 1969, 1980 жылғы туған қала тұрғындары. Оның екеуі — әйел, біреуі — ер азамат. Олар өзіне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында ...

Толығырақ »

200 ПЛАНШЕТ ТАРТУ ЕТІЛДІ

Елімізде Төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, Шымкент қалалық білім басқармасы қашықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті. Яғни, білім беру, әдістемелік семинар кеңестер, тіпті білім басшысын тағайындаудың өзі электронды форматта қашықтан өтуде. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева баспасөз мәслихатында мәлімдеген еді. Бүгінгі таңда Шымкент қаласы білім беру ұйымдарының басшыларымен апта сайын қашықтан оқыту жұмыстары ұйымдастырылып, кері байланыс сатысында жиналыс өткізу ...

Толығырақ »

ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының барлық аумағында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қаламызда бұл бағыттағы іс-шаралар карантин аяқталғанша жүйелі жалғасады. Бүгінгі таңда, қаланың 2 967 көшесіне гипохлорит кальций қоспасын қолдану арқылы арнайы 40 техника көмегімен күнделікті залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Бұл ретте, шаһардағы қоғамдық орындар, ірі сауда орындарының іргелес жатқан аумақтары, саябақтар, гүлзарлар, аялдамалар, аяқжолдар мен қоқыс жәшіктері арнайы техника және құрал-жабдықтар көмегімен дезинфекциялануда. Қаланың ...

Толығырақ »

БЛОК-БЕКЕТТЕР ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Төтенше жағдай режимін сақтауға Шымкент қаласы Полиция департаментінің 1206 қызметкері және 120 арнайы автокөлік құралдары жұмылдырылған. Жалпы Шымкент қаласының кіреберістерінде 18 блок-бекет, қаланың көше қиылыстарында жалпы 20 бекет жұмыс істеп тұр. Шымкент қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, осы күнге дейін блок-бекеттерден жалпы 86 772 автокөлік (63 330 азамат) тексерілген. Оның ішінде қаладан шыққан 17 154 автокөлік (22 971 азамат), қалаға кірген ...

Толығырақ »