Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЙРАМДА 13 БЛОКБЕКЕТ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

САЙРАМДА 13 БЛОКБЕКЕТ ЖҰМЫС ЖАСАУДА

Төтенше жағдай режимінде аудан аумағында жол қауіпсіздігін, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында ауданға және елді мекендерге кіріп-шығу жолдарында санитарлық 12 блокбекет орналастырылып, 1 обсервация госпиталі жұмыс атқаруда: Ақсукент ауылындағы Қарабұлақ тасжолында «Ақсукент» бекеті, Манкент аулындағы «Манкент», Қарасу ауылындағы «Мәртөбе», Ақбастау ауылындағы «Ақбастау», Қарабұлақ ауылындағы «Қарабұлақ», Қожақорған аулындағы «Қожақорған», Көлкент ауылындағы «Қосбұлақ», Әсіл ауылындағы «Әсіл»,
Құтарыс ауылындағы «Құтарыс», Қарамұрт ауылындағы «Қарамұрт», Алматы – Термез тасжолындағы «Құрлық», Қасымбек Датқа ауылындағы «Бозарық» бекеті мен Ақсукент ауылындағы «Обсервация» госпиталі.
Қазіргі төтенше жағдайда қызметкерлер тәулігіне 13-14 сағат ауысыммен жұмыс істеуде. Жұмыс тәртібі біршама өзгертіліп, патрульдер аулаларды аралап, бақылау-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тұрғындар арасынан және полицейлердің көмекшілерінен еріктілердің мобильді тобы құрылды. Сонымен қатар әскери міндетті 12 азамат пен облыстық полиция департаментінен 10 ЖҚАЖ қызметкері тартылды.
Аталған блокбекеттерде полиция қызметкерлері екі ауысымда қызмет атқаруда. Азық-түлік пен өзге де тіршілікке қажетті тауар түрлерін тасымалдаушылар тоқтаусыз өткізіледі. Сонымен қатар кіріп-шығуына рұқсаты барларға кедергі жоқ.
Блок бекеттерден бөлек, елді мекендер мен көшелерде патрульдеу, қылмыстарды ашу, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу үлкен төзімділік пен физикалық күшті талап етеді. Барлық үгіт-насихат, түсіндіру жұмыстарына және ескертулерге
қарамастан, тұрғындар тарапынан орын алатын тәртіп пен құқық бұзушылық әрекеттер толастар емес.
Төтенше жағдай режимі жарияланған сәттен бастап Сайрам ауданының полиция қызметкерлері 22 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтсақ, азық-түлік дүкендері мен кафелерде жұмыс істегені үшін иелері (8 азамат) 10 АЕК айыппұл төлеуден бастап 2 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алынды. Үш адамнан артық жолаушы алып, такси қызметін көрсеткені үшін 1 азамат аудандық соттың қаулысымен ескерту алды. Сонымен қатар бетпердесіз қызмет көрсеткен 8 сатушы, базар мен асханаларда заңсыз жұмыс істеген 4 азамат және тұрғындарды жинап алып, жиналыс өткізген 1 азамат әкімшілік шараға тартылды. Полицияның міндеті – жазалау емес, алдын алу. Алайда тәртіпке бағынбай, төтенше жағдай талаптарына немқұрайдылық танытып, өзгелердің денсаулығына қауіп төндіру жағдайын туындатқандар үшін полиция осындай қатаң шараларға баруға мәжбүр.
Сайрам ауданының полиция басқармасы ескертеді: кәмелетке толмағандарға ересектерсіз жүруге тыйым салынады, отбасы мүшелерін қоспағанда, көшелерде үш адамнан артық жиналуға рұқсат етілмейді, аса қажет болмаса, азаматтардың тұрғын үйден шығуы шектелсін, көшеде бетпердесіз жүруге болмайды!

Г.Байдабекова,
аудандық полиция басқармасы
заң тобының жетекші маманы.

Пікір жазу