«BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының үйлестіруімен ауданда жүріп жатқан «Ауыз ашар» челленджін Келес ауданының белгілі кәсіпкері, партия мүшесі Әбдіғаппар (Әбен) Ордабаев мырза қолдап, жалғасын тапты, деп жазады Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz.
Бүгінгі күні жаны жомарт кәсіпкер Әбдіғаппар Ордабаев «BIZBIRGEMIZ» республикалық акциясы аясында партияның «Ауызашар» ретінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» және «Бақытты отбасы» жобалары негізінде Келес ауданындағы 200 отбасыға 1,5 млн теңге көлеміндегі бірінші кезектегі азық — түлік себетін дайындап қамқорлық көрсетті.
Бүгін мереке күні азық — түлік себеттері аудандағы 12 ауыл әкімдіктеріндегі көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы төмен 200 отбасына бастауыш партия ұйымдары мен «Jas Otan» Жастар Қанаты белсенділері және Келес аудандық Жастар ресурстық орталығының ерікті жастары арқылы жіберілді.
Қасиетті Ораза айында қайырымдылық жасап, елге үлі бола жерлестеріне үлгі бола білген кәсіпкерге жергілікті тұрғындар ризашылық білдірді.
Ендеше, ниет қабыл, мұрат асыл болсын!!!
© DIDARBEK.kz