Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары (страница 4)

Ауыл жаңалықтары

Мәжілісте жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталды

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков орталық жылу қазандығында анықталған ақауларды ай соңына дейін толық аяқтауды тапсырған болатын Бүгінгі аппараттық мәжілісте Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы Нұрлан Тілеш қазіргі таңда қажетті құрал-жабдықтардың жеткізілгенін, тапсырма мерзімінде орындалатынын баяндап, өзге де атқарылған жұмыстардың есебін ұсынды. О.Жандосов көшесіндегі қоршауға, Теміржол вокзалы аумағын абаттандыруға байланысты ескертулердің жүзеге асырылу жайы да баяндалды. Қала әкімінің кеңесшісі Мадияр ...

Толығырақ »

ОТБАСЫ- ҰЛТТЫҢ ТІРЕГІ

Облыс орталығында «Отбасылық демалыс- бақытты болашаққа инвестиция» отбасылық сайысы өтті. Жарыс 8 қыркүйек- Отбасы күніне орай ұйымдастырылды. №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өткен ойында түркістандық 4 отбасы жарысты. Олар өздерінің отбасын ерекше таныстыру өткізу рәсімі мен түрлі спорттық сайыстар арқылы сыналды. Жарыстың ашылуында қалалық Мәдениет, тілдерді дамыту, Дене шынықтыру және Спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев сөз алып, шара мақсатына ...

Толығырақ »

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 530 НЫСАНДА ЗАҢСЫЗ ОРНАТЫЛҒАН ЖАРНАМА АНЫҚТАЛДЫ

Шаһардағы маңдайшалар мен жарнамалардың талапқа сәйкестігі күнделікті бақылауда. Түркістан қалалық «Сәулет және қала құрылысы бөлімі қаладағы кәсіптік нысандарды аралап, қадағалау жүргізуде. Соңғы көрсеткіштерге сәйкес, аралау нәтижесінде 530 нысанда заңсыз орнатылған жарнамалар анықталған. Оларға түсіндірме жүргізіліп, 234 нысанда жарнамалар заңға сәйкес жойылып, 62 маңдайша талап бойынша тіркеуге алынды. Айта кетейік, ережеге сәйкес, ілінген жарнама, маңдайша немесе хабарлама иелеріне ескерту берілгеннен кейін ...

Толығырақ »

ӘЗІМБЕК ПАЗЫЛБЕКҰЛЫ: ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШІ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Мәжілісте заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандар, ретсіз жарнамалар, жер мәселесі, құрылыс нысандары мен жол құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Аралау жұмыстары нәтижесінде Қызылорда тас жолы бойындағы 27 ретсіз жарнама, Кентау тас жолы бойындағы 10 ретсіз жарнама жойылған. Шаһар басшысы тиісті мекеме басшыларына қаладағы тазалық жұмыстарын күшейтіп, Полиция басқармасымен бірлесіп рейдтік шаралар ...

Толығырақ »

Түркістан қаласының әкімі атқарылған жұмыстар барысын тексерді

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков бүгін Әкімшілік-іскерлік орталығындағы 9-11 көшелерді кезекті рет аралап, атқарылған жұмыстарды тексерді. Бизнесті қолдау және туризм бөлімінің басшысы Мұхтар Төлепов 9-11 көшеде 26 кәсіпкерлік нысанды реттеу, жобаға сай қасбеттерін бірдейлендіру, желдеткіштерін қаптау бойынша тындырылған тірліктерді баяндады. Қазіргі таңда 12 нысанда жұмыс толық аяқталды. Нұрбол Әбдісаттарұлы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Мухит Көшеновке кәсіпкерлік нысан маңдайшаларының ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЖАСТАР «БИ ПАДИШАСЫМЕН» КЕЗДЕСТІ

Бүгін Түркістан қалалық жастар орталығының ұйымдастыруымен «Арманға жету жолындағы алғашқы қадамдар» тақырыбында ҚР Мәдениет қайраткері, Түркістан қаласының Құрметті азаматы, «Би падишасы» атанған Ұлжалғас Мұстафаевамен кездесу кеші өтті. Мазмұнды кештің мақсаты — эстетикалық сезім мен талғамды қалыптастыратын құдіретті би өнерін жастарға шабыт беретін рухани құндылық ретінде насихаттау. Кездесу кеші би өнерінің тарихымен танысудан басталып, әрі қарай өнер иесінің шығармашылық жолы туралы ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ИГІ ІСТЕР МАРАФОНЫ» АЯСЫНДА 30-ҒА ЖУЫҚ ОТБАСЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Халықаралық қайырымдылық күніне орай, Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты мекемелер мен дербес бөлімдер «Игі істер марафонына» атсалысты. Қайырымдылық марафоны аясында өмірлік қиын жағдайға тап болған 30-ға жуық отбасына көмек көрсетілді. Аталған отбасылардың сұранысына сай, кей отбасыларға тұрмыстық техника табысталса, енді бірі азық-түлік пен киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Кейбір тұрғындардың ауласы мен баспаналарының санитарлық жағдайы ретке келтірілді. «Игі істер марафоны» — азаматтардың волонтерлік, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА «ТІЛ – ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ» АТТЫ МӘДЕНИ ІС-ШАРА ӨТТІ

Түркістанда Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған «Тіл – ұлт қазынасы» атты іс-шара өтті. Мерекелік жиында сөз алған Түркістан қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев көпшілікті атаулы мерекемен құттықтап, ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауда сындарлы тіл саясаты үлкен маңызға ие екенін айтты. Мәртебелі тіл ұлықталған шараға қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев пен қалалық ...

Толығырақ »

ҚҰЖАТЫ ЗАҢДАСТЫРЫЛМАҒАН КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ ИЕСІ АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ

Заң баршаға ортақ. Дегенмен, кейбір кәсіпкерлеріміз дүкен, демалыс аймағы және т.б. нысандарды заңсыз соғып, одан мол пайда тауып, заңды айналып өтіп, салық төлеуден жалтарынып жүр. Осы ретте, ауданымызда аудан әкімдігінің тікелей бастамасымен, заңсыз кәсіпкерлік нысандарды анықтап, оларды салық базасына тіркету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Aталған бағыттағы жұмыстарды саралау мақсатында, Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуовтың төрағалығымен кезекті жиын өтті. Басқосуға аудандық ...

Толығырақ »

“ЕРТЕҢ ЗАРДАБЫМЕН АЛЫСПАЙ, БҮГІН АЛДЫН АЛУ ҚАЖЕТ”

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен өткен кезекті лездемелік мәжілісте жауын-шашыннан туындауы мүмкін мәселелер мен жылыту маусымына дайындық жұмыстары сараланды. Соңғы үш жылда Түркістанда жаңбыр суы жиналатын орындарды зерделеу нәтижесінде көлік қатынасына және жаяулар үшін кедергі келтіретін 109 жер қазылып, дренаж орнатылған. Сонымен қатар, қажеттілігіне қарай жол жиектеріне қосымша құбырлар көмілген. Нұрбол Әбдісаттарұлы жауаптыларға ендігі кезекте жаңа қоныстанған аймақтарды тұрақты ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДА «АЛТЫН КҮЗ ӘУЕНДЕРІ» ӘУЕЛЕДІ

Түркістан қаласында «Алтын күз әуендері» іс-шарасы басталды. Ашық аспан астында ұйымдастырылған концерттік бағдарлама шаһардағы «Жібек жолы» саябағында өтті. «Түркі әлемінің туристік астанасы» атанған тарихи шаһарда аталған күзгі концерттік бағдарлама алдағы уақытта да әр секторда жалғасады деп жоспарланып отыр. Мәдени шарада Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашты. Қазақтың ұлттық аспаптарымен патриоттық және эстрадалық бағыттағы әсем әндер шырқалды. ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА «ҚҰЛАН-САРЫТӨР» БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУДЕН ӨТІП ЖАТЫР

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметке коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды тапсырды, «Жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріне, қоғамдық кеңестердің, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктерінің  қызметін өзгертуге  айрықша назар аудару қажет. Тұрғын-үйлер мен қала инфрақұрылымын абаттандыру мәселесін қолға алу керек», деген болатын. Түлкібас ауданында жол сапасын жақсарту мақсатында бірнеше ірі жобалар дайындалды. Бүгінде жобалар аясында жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Түркістан облыстық жолаушылар ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАРҒА САПАЛЫ ЕТ ӨНІМДЕРІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТ

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының төрағалығымен Сайрам ауданындағы ірі мал бордақылау алаңдарын ашу, ветеринария саласындағы, жұмыстарды ретке келтіру, тағам қауіпсіздігін сақтау бойынша арнайы жиын өткен болатын. Аталған жиында аудан әкімі бұл бағытта аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, маңызды мәселелерді ортаға салды. Жиынға жауапты сала басшылары мен құзырлы орган өкілдері қатысып, мәселені жан-жақты талқылады. Жиналыстың қорытындысы бойынша хаттамалық тапсырмалар беріліп, тиісті басшыларға ...

Толығырақ »

ТҰРҒЫНДАР ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҮРЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН ЖҮГІНДІ

Қазіргі таңда азаматтар жергілікті биліктің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қоғамдық қабылдауға қатысуды қалыпты үрдіске айналдырды. Осы орайда, олардың тарапынан туындаған түйткілді мәселелерді тиімді шешу мақсатында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға қатысқан тұрғындар жол құрылыс жұмыстарын жүргізу, жер телімінің санатын және нысаналы мақсатын өзгерту, тұрғын үй салуға тиесілі жер телімін алу секілді мәселелер қозғалды. Жеке қабылдау ...

Толығырақ »

ЖЕКЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТУРАЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттырып, шетелден қаржы көзін тартудың жаңа тетіктерін қарастыру жөнінде ұдайы айтып, тиісті тапсырмалар беріп келеді.⠀ Осы орайда,  Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен Сайрам ауданында 2024-2025 жылдары жеке инвестиция есебінен іске асатын жобаларды жүзеге асыру бойынша жиын өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары және жеке инвесторлар қатысты. Өз кезегінде, аудандық кәсіпкерлік ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұстаздар күні қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ардагер ұстаздың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Еңбек ардагеріне құрмет көрсетіп, Алғыс хат табыстады. Ибрагимова Гулсин апай — 1925 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 100 жасқа таяған ардақты ана 1944 жылдан бастап Хамза атындағы (бұрынғы Калинин) #2 жалпы білім беретін мектепте биология пәні мұғалімі, еңбек пәні мұғалімі болып 44 жыл ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАНДА 5 ҚАБАТТЫ 15 ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында №11-ші көшенің бойындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тұрғын үй кешенінде жалпы 5 қабатты 24 үй тұрғызу жоспарланған. Биыл 5 қабатты 15 үйдің құрылысы аяқталып, 1314 пәтер кезекте тұрған азаматтарға пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Қалған 5 қабатты 9 үйдің құрылысы 2025 жылы аяқталады деп күтілуде. ...

Толығырақ »

Кең жолақты көшелер санын арттыру — көлік қозғалысын жүйелеуді көздейді

Түркістан қаласында О.Жарылқапов пен Қазыбек би көшелерін жалғайтын кең жолақты көшенің құрылысы жүруде. Бүгін Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков нысан басына барып, мердігерлермен кездесті. Облыс орталығындағы кең жолақты көшелер санын арттыру — көлік қозғалысын жүйелеуді көздейді. Қазыбек би — О.Жарылқапов көшелерінің аралығындағы жол іске қосылғанда Кентау бағытынан келетін көліктерге қосымша айналма жол ретінде қызмет етеді, Қазыбек би көшесінде кептелістің алдын-алып, ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ АВТОБУСТА 50%-ДЫҚ ЖЕҢІЛДІКПЕН ЖҮРЕДІ

Түркістан қаласының қоғамдық көліктеріне заманауи талаптарға сай барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда автобустарда төлем жасаудың онлайн әдісін жүзеге асыратын «AlemPay» электронды төлем жүйесі қолданысқа енгізілген. Енді шаһарда «AlemPay» төлем картасын сатып алу арқылы мектеп оқушылары жол ақысының 50%-ын ғана төлей алады. Яғни 7 жастан 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары карта арқылы автобус жол ақысының жартысын ғана төлеу мүмкіндігіне ие болады. ...

Толығырақ »

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Жалпы Түлкібас ауданында 196 бюджеттік мекеме бар. Оның 78-і білім беру саласына қатысты. Аталған білім беру мекемелерінің 77-і табиғи газбен қамтылған болса, 1-і ғана Иірсу елді мекенінде орналасқан мектеп қатты отынмен жылынады. Бүгінде барлық мемлекеттік мектептің жаңа жылу беру маусымына дайындау мақсатында, ондағы жүйелерін қысымдау және жуып-шәю жұмыстары жүргізіліп, қазандықтарын толық тексеру жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Нұржан ...

Толығырақ »

ЛЕЗДЕМЕЛІК МӘЖІЛІСТЕ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитовтің төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Жиынға тиісті сала және дербес бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері қатысты. Күн тәртібінде аудан бюджеті және азаматтардың күзгі әскерге шақырылуы туралы мәселелер көтерілді. Жиын барысында Сайрам аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскерге шақыру бөлімінің басшысы Досыбек Турегелдиев 2024 жылғы азаматтардың күзгі әскерге шақырылу науқанында атқарылатын жұмыстарының барысы туралы баяндама жасады. ...

Толығырақ »

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ «ДОСТЫҚ ҮЙІ» ҚҰРЫЛЫСЫ БОЙЫНША ТАПСЫРМА БЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Түркістанда салынып жатқан «Достық үйі» ғимараты ашылады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшыларды құрылыс алаңына жинап, бірқатар тапсырмалар берді. Нысанның құрылысы аяқталып келеді. Облыс әкімі нысанның сапасы мен сәні үйлесім тауып, уақтылы берілуі керек екенін ескертті. Мердігерге нақты тапсырмалар берді. Түркістан қаласының әкімшілік-іскерлік орталығындағы жаңа үлгідегі «Достық үйі» ғимаратының жалпы алаңы – ...

Толығырақ »

ТҮРКІСТАН: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢ ІРІ МАШИНА ЖАСАУ ЗАУЫТЫТАРЫНЫҢ БІРІ САЙРАМДА ОРНАЛАСҚАН

Халық саны артқан Сайрам ауданында тағы бір мөлтек аудан құрылады. Жаңа қалашықта 12 мыңға жуық адам қоныстанады. Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қарасу ауылдық округіндегі 57 га жер теліміне салынатын жаңа құрылыс аумағының бас жоспарымен танысты. Аудан әкімі Арман Сәбитов өңір басшысына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасымен таныстырды. Жаңадан құрылатын мөлтек ауданда 5 қабатты 49 тұрғын үй ...

Толығырақ »

САЙРАМ: ҚАСЫМБЕК ДАТҚА АУЫЛЫНДА  500 ОРЫНДЫҚ ҚОСЫМША МЕКТЕП ҒИМАРАТЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы елімізде қарқынды қолға алынуда. Соның бір айғағы, «1 қыркүйек — Білім күніне» орай, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек датқа ауылында «Бақдәулет» жекеменшік бастауыш мектебінің 500 орындық қосымша жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты шара барысында Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, оқу ордасының ұжымына жүрекжарды лебізін ...

Толығырақ »

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРДЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Қызметке жаңа кіріскен Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ғасыр жасаған қариялардың шаңырағына арнайы барып, Халықаралық қарттар күнімен құттықтады. 102 жастағы Аманкүл Марсулова балалық шағын еңбекке беріп, ғұмырын бейнетке арнаған ардақты ана. Бүгінде 34 шөберенің аяулы әжесі. 103-ке аяқ басқан Немет Абдрасилов – Ұлы Отан соғысының ардагері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жеңісті жақындатқан жауынгерлердің бірі болған. ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері. ...

Толығырақ »