Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Әлеумет (страница 56)

Әлеумет

МАҚТААРАЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Түркістан облысының Мақтаарал ауданына ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин және Өзбекстан Республикасы Жизақ облысы кәсіподақтар кеңесінің төрағасы Нусуратулла Пардаев барды. Делегация құрамына Федерацияның мүшелік ұйымдары басшылары — Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері республикалық салалық кәсіподағының төрайымы Айгүл Мұқашева, Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы төрағасы Сұлтан Қалиев, Химия, мұнай-химия және өндірістің тектес салалары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасы Керім ...

Толығырақ »

АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ БАЯНДАЛДЫ

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар талқыланды. Қала әкімі Рашид Аюпов «Әзірет сұлтан» қорық мұражайының аумағын абаттандыру жұмыстары мен рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік-инфрақұрылымның жүргізілуі барысын баяндады. Рухани-мәдени орталығының алаң ішіндегі инженерлік инфрақұрылымы қарқынды дамуда. Шаһар басшысының мәлімдеуінше, «Әзірет сұлтан» қорық мұражайында да су және кәріз жүйесі толық аяқталған. Су бұрқақтың бетон ...

Толығырақ »

АСТЫҚҚА ОРАҚ ТҮСТІ

Қазақстанда алғашқы бидай өнімі қоймаға жинала бастады. Түркістан облысы Келес ауданындағы «Ошақты» өндірістік кооперативі биылғы жылы 150 гектарға бидай өнімін егіп, маусымның ортасында астық оруды бастап кетті. Өндірілген өнімді Бірлік ауылындағы қоймаға жайғастыруда. «Ошақты» өндірістік кооперативі 1997 жылы құрылған. Құрамында егін шаруашылығынан басқа мал бордақылау пункттері бар ірі кәсіпорында жергілікті 90-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Көктемде жауын-шашын көп болмағанына ...

Толығырақ »

ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА!

Қазіргі таңда Түркістан қалалық орталық ауруханасына тұмау белгілерімен дәрігерлік көмекке азаматтар жиі жүгінуде. Науқастарда дене қызуының көтерілуі, жөтел және әлсіздік байқалады. Медициналық тексеру нәтижесінде науқастардан пневмония, яғни өкпенің қабынуы анықталуда. Ауруханаға түскен азаматтардан шұғыл түрде Covid-19 инфекциясына талдама алынады. Талдама анықталғанға дейін олар провизорлық бөлімде ем қабылдауда. Теріс нәтижесі шыққандары аурухана бөлімдеріне жатқызылып, тиісті емдерін қабылдауда. Науқастар негізінен пневмонияға шалдыққан. ...

Толығырақ »

БАСҚАРМАДА ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасында бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, 67 адам кәсіподақ мүшелігіне қабылданды. Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Әбдінұров Мәлік Құттымбетұлы сайланды. Басқарманың бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы М.Әбдінұров және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов өзара келісім-шартқа қол қойса, ал мекеменің жұмыс берушісі – басқарманың ...

Толығырақ »

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық ішкі саясат және дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылып, 22 адам кәсіподақ мүшелігін қабылдады. Кәсіподақ комитетінің төрағасы болып Оспанов Дәлелхан Қоңырбайұлы сайланды. Бастауыш кәсіподақ ұйымының және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының арасында келісім-шарт жасалып, қол қойылды. Сонымен қатар, мекеменің жұмыс берушісі және ...

Толығырақ »

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ – ТАҒДЫРЫҢДЫ ТАҢДАУ

Республикамыздың барлық өңірлерінде «QAMQOR QAZAQSTAN» әлеуметтік жобасы әр-түрлі бағыт бойынша ауқымды шаралар өткізуде. Әлеуметтік жобаның маңыздылығы кәсіподақ жастарының белсенділігін дамытып, сонымен қатар мектеп бітіруші түлектеріне мамандық таңдауда кеңес беру және еріктілер тарапынан әлеуметтік көмек көрсету болып табылады. «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Серік Елемесұлы бітіруші түлектерге қазіргі кездегі еліміздің дамуына үлес қосып жатқан мамандықтар туралы ақпарат ...

Толығырақ »

ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылды. Кәсіподақ комитетінің төрайымы болып Ақмарал Есмұрзаева сайланды. Мекемедегі кәсіподақ мүшелерінің саны 22 адам. Бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Есмұрзаева Ақмарал Анартайқызы және «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы арасында келісім-шарт жасалып, оған қол қойылды. Сонымен қатар, ...

Толығырақ »

КАРАНТИНДІК РЕЖИМ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысының аумағында карантин және шектеу іс-шаралары 2020 жылы 8 маусым сағат 00.00-ден бастап коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін ұзартылады. Осыған байланысты бірқатар шектеу шаралары қолға алынып отыр. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлімдеді. С.Қалқаманов облыс тұрғындарын жарияланған карантиндік шараларға түсіністікпен қарап, сақтық шараларын сақтауға шақырды. «2020 жылғы ...

Толығырақ »

ҚАТЫГЕЗДІК ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛА ҚАЛДЫ?

Ролик дедік. Ойбайладық. Кінәліні іздедік. Кінәлі еместі кінәлі етіп тағайындап алдық. Енді оны тірідей союға дайынбыз. Сол арқылы бүкіл әкімдікті жұмыстан қуу керек дегенді де айттық. Тағайындалған кінәліміз – Данияр Алан​. Голощекин тілінде сөйлейтіндердің ашуын келтірген осыдан үш жыл бұрын жазған жазбасы. Әлгі «жалған намыс» қуушылар үш жылдан бері неге ауыздарына құм құйылғандай үндерін шығармай отырған? Әлде намыстарына енді тиді ...

Толығырақ »

ХҚО-ДА КӨРСЕТІЛГЕН ТОП-5 ҚЫЗМЕТ

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгі көп жүгінген мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады. Азаматтар мамыр айында ХҚО-лар ашылғаннан кейін көбіне жеке куәлік пен паспорт алу үшін жүгінген. Алдын ала есептеулер бойынша 5 мыңға жуық азамат жеке басын куәландыратын құжатын жаңартқан. Екінші орында автокөлікті қайта тіркеу қызметі. Мамырда автокөлік иелері Шымкенттегі мамандандырылған ...

Толығырақ »

БЕЙНЕРОЛИККЕ БАЙЛАНЫСТЫ БРИФИНГ ӨТТІ

Бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында Қазнетте қызу талқыланып жатқан қысқа метражды бейнероликке байланысты брифинг өтті. Баспасөз мәжілісіне Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Алмасбек Мамытбеков, Шымкент қаласы Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев және «TALAS FILM» киностудиясының директоры, режиссер Серік Таласов қатысты. Қала әкімінің орынбасары А.Мамытбековтың айтуынша, қалалық Отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармаға бейнероликтер жасау бойынша 8 млн. ...

Толығырақ »

ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ ШАҚЫРАДЫ

Облысымыздың белсенді жастары үшін керемет жаңалық. Салауатты өмір салтын сақтау-дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбиелеудің негізі екені белгілі. Сол мүмкіндікті бірге жүзеге асырудың бірден-бір жолы — сана экологиясы мен қоршаған орта тазалығын сақтау. Осы ретте, «Таза әлем» бағыты бойынша іріктеу өтетінін хабарлай отырып, ЕРІКТІ ЖАСТАРДЫ шақырамыз. Жер анамызды қорғауға өз үлесіңізді қосу үшін, белгілі проблемаларды шешуде өтеусіз негізде көмек көрсеткіңіз ...

Толығырақ »

КӨПШІЛІК НАМАЗДАР ОҚЫЛА БАСТАДЫ

Түркістан облысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 748 мешіт болса, бүгінде оның облыс және аудан орталықтарындағы 632-інде жұма намаздары оқыла бастайды. Ал өзге бес уақыт намаздар барлық мешіттерде орындалады. Әрине, еліміздің бас санитар-дәрігерінің қаулысы бойынша, жамағат арақашықтықты сақтай отырып, мешіттің іші 30%-ға ғана толтырылады. Ал қалған адамдар мешіт сыртында құлшылық жасайды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммункациялар қызметінде Түркістан облысының бас ...

Толығырақ »

ӨЗБЕКСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ТҮРКІСТАНҒА ТАРТУЫ

Былтыр іргетасы қаланған еңселі мешіт – көрші Өзбекстан мемлекетінің Түркістанға тартуы. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев қалаға кіреберісте бой көтерген әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған мешіт құрылысының басында болды. Сәулеті ерекше Ислам орталығының ішкі және сыртқы безендірілуі шығыстық нақышта жүргізілмек. Бірегей жобаға Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев қолдау көрсетіп отыр. Түркі әлемінің рухани темірқазығы, қасиетті Түркістан қаласында салынып жатқан ауқымы 5 мың ...

Толығырақ »

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСТЫҢ ӨҢІРЛІК ДЕҢГЕЙІ ТУРАЛЫ

Түркістан облысында «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсының өңірлік деңгейі өткізілуде. Конкурстың мақсаты мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибесін, үздік кәсіби білімі мен дағдыларды таратуды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін айқындау және оларды ынталандыру жүйесін жетілдіру. Өңірлік деңгейдегі жеңімпаздарды анықтау үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерінен өңірлік конкурстық комиссиясы құрылды. Өңірлік конкурстық комиссия құрамы келесі тұлғалардан ...

Толығырақ »

МЫНА ВИРУС ШАРШАТТЫ-АУ БӘРІМІЗДІ…

Тосқауылдардың бәрі ашылып, қатынау жеңілдеген жаздың алғашқы күні Қазақстан бойынша жаман індетке шалдыққандар саны 11 308 болды. Бұл көрсеткіш бойынша алғашқы екі орынды еліміздің екі мегаполисі – Алматы (2647 адам) мен Нұр-Сұлтан (2207 адам) алып отыр. Шымкент қаласы (867 адам) өңірлер арасында Атырау (1105 адам), Қарағанды (932 адам) облыстарынан кейінгі бесінші орында. Түркістан облысы (379 адам) болса – сегізінші орында. ...

Толығырақ »

МОЛАҒА ҚАРАЙ ЖҮГІРЕ ЖӨНЕЛУГЕ НЕ СЕБЕП?

Сурет: pikabu.ru Қазақ: «Ажалды бала молаға қарай жүгіреді» деген де қойған, неге үйтетінін ашып «айтпаған». Алайда  мұнда … … «ажалды адам» демей, «ажалды бала» деп тұр ғой. Яғни әңгіме ақыл тоқтатқан адам емес, бала туралы. Ал, бүгінде молаға қарай бала ғана емес, аға қазақ, ата қазақ та жүгіре жөнелгіш. Мысал келтірейік. Денсаулық саласы мамандары жұрттың коронарлық вирус сайран сап тұрған елдерге ...

Толығырақ »

КАРАНТИН РЕЖИМІ ҰЗАРТЫЛДЫ

Түркістан облысында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі 8 маусымға дейін ұзартылды. Осыған орай өңірде бірқатар шектеулер сақталады. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев онлайн-брифингте мәлімдеді. «Ауа арқылы тез тарайтын бұл дерттің әзірге нақты вакцинасы жоқ. Дәрігерлер қауымы күн-түн демей вирусты жеңу жолында талмай еңбек етуде. Облыс аумағында да 300-ден аса адам ауырып, дәрігерлердің арқасында 180-ге жуық науқас дертінен ...

Толығырақ »

КӨКТЕМГІ ЕГІС НАУҚАНЫ ТОЛЫҒЫМЕН АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Өңірлерде көктемгі дала жұмыстары туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баяндады, деп жазады Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасаған DIDARBEK.kz. Өмірзақ Шөкеевтің хабарлауынша, Түркістан облысында ауыл шаруашылығы ...

Толығырақ »

ШӨКЕЕВ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы қаралды. Селектор отырысында «Көктемгі егіс жұмыстарын өткізу барысы» туралы Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеев баяндама жасады.  Құрметті Асқар Ұзақбайұлы! Құрметті Үкімет мүшелері! СЛАИД – 1. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мақсатында егістік жердің көлемі 857,2 мың га құрайды. Ағымдағы жылы 31,6 мың га парға айдалса, ауыл шаруашылығы дақылдары 825,4 мың гектарға орналастырылады. Егістікті әртараптандыруға сәйкес картоп, ...

Толығырақ »

МАРХАББАТ БАЙҒҰТ 75 ЖАСТА

Күні кеше жазушы, «Құрмет», «Парасат» ордендері мен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның құрметті журналисі Мархабат Байғұт 75 жасқа толды. Осыған орай, Қоғамдық даму басқармасының басшысы Дамир Жүнісов жазушының шаңырағына арнайы барып, Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің құттықтауын жеткізді. Дүниені дүрліктірген пандемия салдарынан бұл мерейтойды өз шаңырағында ғана атап өтіп жатқан Мархаббат Байғұт облыс басшысының ықыласына ризашылығын білдірді. «Қалың көпшілік сізді ...

Толығырақ »

ОНЛАЙН БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2020 жылдың 24 сәуір-14 мамыр аралағында Түркістан облыстық Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен #Үйдебол челленджі аясында, балалардың үйдегі уақытын тиімді пайдалану мақсатында #Balalarmen_birge байқауы мен туған жерге деген патриоттық сезімді ояту, өңіріміздің тұмса табиғатын насихаттау мақсатында «Ауылым – алтын тұғырым» атты қос байқау ұйымдастырылған болатын. Бұл ретте мамыр айының басында Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайға байланысты доданы қорытындылау уақыты кейінге шегерілген. Қазіргі уақытқа дейін ...

Толығырақ »

КАЛА ӘКІМІ НЕ АЙТТЫ?

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов БАҚ өкілдеріне онлайн-брифинг беріп, оның барысында карантиннің ұзартылуына байланысты бірқатар мәселелерге тоқталды, деп хабарлайды Шымкент ақпараттық коммуникациялық орталығына сілтеме жасаған DIDARBEK.kz ақпараттық порталының тілшісі. ШЫМКЕНТТЕ КАРАНТИН МЕРЗІМІ ҰЗАРТЫЛДЫ Шымкент қаласында бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысымен карантиндік шектеулер 8 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов журналистермен болған баспасөз конференциясында ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Төтенше жағдай жойылғаннан кейін Қазақстан азаматтарының мерзімі өткен құжаттарын ауыстыру тәртібі Қазақстандықтардың мерзімі өткен жеке құжаттарының қолданыс мерзімі 2 айға ұзартылды. Елімізде төтенше жағдай енгізілгеннен кейін халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы 26 наурыздан бастап тоқтатылды және қазақстандықтар жеке басын куәландыратын құжаттарды (жеке куәлік, паспорт) уақытылы қайта рәсімдеуге мүмкіндігі болмады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №283 қаулысына сәйкес елде ...

Толығырақ »