Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Шымкент (страница 38)

Шымкент

Шымкентте тазалық акциясы аясында 380 арнайы техника, 49 мыңға жуық адам жұмылдырылған

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2023 жылға арналған қалалық жайлы ортаны дамыту саласындағы атқарылған жұмыстар мен жетістіктер және 2024 жылға арналған жоспарлар туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр Бақытғалиұлы мегаполистегі жайлы ортаны қалыптастыру және дамыту бойынша баяндады. Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты қала аумағында 891 шақырымды құрайтын ...

Толығырақ »

ҚОҚЫС ӨҢДЕЙТІН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласында алдағы уақытта қоқыс полигоны аумағынан қоқысты қайта өңдейтін зауыт құрылысы басталмақ. Қазіргі таңда шетелдік инвесторлар ұсыныс білдіруде. Бұл туралы Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Әбілқайыр Оңғар Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты. Шымкентте соңғы жылдары құрылыс нысандары көп бой көтеруде. Есесіне жасыл желек аз. Арша, шырша сынды жыл он екі ай түсін бермейтін қылқан жапырақты ағаштар азайған. ...

Толығырақ »

​Шымкенттік әскери қызметшілер республикалық акцияны қолдады

Шымкент гарнизонының әскери қалашығы мен 35748 әскери бөлімінің аумағында «Он бес игі іс» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Оған отбасыларымен бірге әскери қызметшілер мен әскери қалашық тұрғындары қатысты. Құрғақ шөптерді жинау, аумақтарды қоқыстардан және қураған бұталы өсімдіктерден тазарту, ғимараттарды сырлау, ағаштарды әктеу, жиектастарды бояу және тағы басқалар – сенбілік шеңберінде тазалық пен жайлылықты қалыптастыруға ықпал ететін жұмыстардың дәстүрлі тізімі. Тазалау және ...

Толығырақ »

Шымкентте «Жасыл аймақ» апталығы жалғасуда

«Таза Қазақстан» акциясының «Жасыл аймақ» апталығы аясында Абай ауданында жасыл желектерді баптау, шөп ору, тал егу сынды тазалық жұмыстарымен басталды. Экологиялық іс-шараға аудан аумағындағы тұрғындар, 70 кәсіпкерлік, 60 әлеуметтік нысан қатысты. —«Бір тал кессең, он тал ек» демекші, қаламыздың көркеюіне біз де өз үлесімізді қоссақ деген ниетпен бүгін тал егіп жатырмыз.Бұл тазалық акциясы өзіміз өмір сүретін ортаны жай ғана жинап-тазалау ...

Толығырақ »

«НАР ТӘУЕКЕЛ» КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Бүгін 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кәсіпкер, жазушы Данияр Амангелдіұлы Беркімбаевтың «Нар тәуекел» кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шара «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының бастамасымен, «Miras» аймақтық кеңесі мен Абай кітапханасының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Мәдени іс-шара «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ғимаратында орналасқан кітапханада өтті. Кітаптың таныстырылымына мектеп оқушылары, колледж студенттері, кітапсүйер қауым ...

Толығырақ »

Жастар арасында құқықтық кездесу өтті

Шымкент қаласының «Азимед колледжінде» оқу орнының студенттеріне арнап «Оқушылар мен студенттер арасындағы нашақорлық және олардың есірткінің заңсыз айналымына қатысу мәселелері» тақырыбында құқықтық кездесу өтті. Оған Шымкент қаласының полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Кеңес Сержан Абзалұлы, Шымкент қаласы Психикалық денсаулық сақтау орталығының нарколог дәрігері Пернебаева Гулнар Ниязметовна, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері ...

Толығырақ »

Шымкентте көлік құралдарын тіркеу және жүргізушілерді даярлау қағидалары өзгерді

2024 жылғы 23 сәуірден бастап қаламыздағы мамандандырылған ХҚКО-ларында көлік құралдарын тіркеу барысында міндетті нотариаттық куәландырылған көлікті сатып алу-сату шарттарын қабылдайтын болады. Бұл ретте мәміленің жазбаша нысаны жойылады. Бұл өзгерістер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ашықтықты қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, егер азаматтар қайта тіркеу үшін көлікті сатып алу-сату мәмілелерін нотариалды куәландырғысы келмеген жағдайда, олар екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы көлік құралын ...

Толығырақ »

ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен арнайы жиында өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды. Отырыста 5 аудан әкімдері осы бағытта атқарылған жұмыстарды баяндады. Бүгінде әр ауданда дала өрттері туындаған жағдайда күш пен құралдарды жұмылдыру және тұрғындарды хабардар ету сызбасы дайындалып, алдын алу және жою бойынша мобильдік топ құрылған. Жауаптылар тілсіз жауды болдырмау мақсатында профилактикалық іс шараларды тұрақты түрде жүргізуде. Казгидрометтің болжамына сәйкес, ...

Толығырақ »

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: АҒАШ ТА ЕГІЛДІ, ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ДА ЖҮРГІЗІЛДІ

Еліміз бойынша «Таза Қазақстан» республикалық тазалық акциясының «Жасыл аймақ» атты үшінші аптасы жалғасуда. Бұл апталықтың бағыты бойынша көшеттер отырғызылып, ағаш түптері әкелу керек. Шымкентте республикалық акция басталғалы бері тазарту, абаттандыру жұмыстарымен қоса көшеттер мен түрлі гүлдер отырғызу жұмыстары да жалғасып жатыр. Қала көшелерінің жағалауына отырғызылған алқызыл, сары, көк гүлдер қаланың ажарын аша түсуде. Дегенмен, тек қана көшеттер мен гүлдер ғана ...

Толығырақ »

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: КОНГРЕСС ХОЛ АУМАҒЫНА 100-ден АСА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласы Абай ауданында «Жасыл аймақ» апталығына аудан тұрғындарынан басқа, кәсіпкерлік, әлеуметтік нысандар да қатысты. Аудан аймағындағы жасыл желектердің түптері қопсытылып, суғарылып, ағаш түптері әктеліп, жаңа талдар егілді. Сонымен қатар айнала тазаланып, қураған бұталар қырқылып, қаулап өскен шөптер орылды. Ал Шымсити шағынауданында орналасқан Конгресс хол аумағына мәдениет саласының қызметкерлері әкімдікпен бірлесе 100-ден аса көшет отырғызды. Ағаш егумен шектелмеген тазалау ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕН ОРАЛҒА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Орал қаласында болған су тасқынынан зардап шеккендерге Шымкент қаласынан арнайы көмек жөнелтілді. Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Қиналғанға қол ұшын созатын шымкенттік жастар су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің бірі — Петропавл қаласына гуманитарлық көмектің үшінші легін жолдады. Бүгін Жастар ресурстық орталығында жиналған гуманитарлық заттар ерікті жастардың көмегімен жүк көлігіне тиелді. 30 тонна жүк тиеген көлікке азық-түлік өнімдері, күнделікті тұрмысқа қажетті гигиеналық ...

Толығырақ »

В ШЫМКЕНТЕ ПОЯВЯТСЯ НОВЫЕ ОБЩЕСТВЕННЫЕ МЕСТА ДЛЯ ОТДЫХА

В Шымкенте проведут реконструкцию трёх фонтанов. Аким города Габит Сыздыкбеков поручил провести комплексные работы по обновлению фонтанов на площади Ордабасы и местности на углу улиц Туркестанская и Ташенова, именуемой в народе «Озеро». В рамках модернизации планируется восстановление искусственного водоема, находящегося в Аль-Фарабийском районе. В настоящий момент начались работы по благоустройству его окрестности. Вместе с тем, на территории водоема будет запущен ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ДЕМАЛУҒА АРНАЛҒАН ЖАҢА ОРЫНДАР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Шымкентте үш субұрқақ қайта жаңғыртылады. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Ордабасы алаңында және Түркістан, Тәшенов көшелерінің қиылысындағы «көл»деп аталып кеткен субұрқақтарды жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізуді тапсырды. Жаңғырту аясында Әл-Фараби ауданында орналасқан жасанды су айдынын қалпына келтіру жоспарлануда. Қазір оның айналасын абаттандыру жұмыстары басталды. Сонымен қатар, су қоймасының аумағында субұрқақ іске қосылады. Жобада орындықтар, заманауи жарықтандыру шамдары мен көгалдандыру қарастырылған. Ал ...

Толығырақ »

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» СЕНБІЛІКТІҢ ҮШІНШІ АПТАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Бүгін Шымкентте Таза Қазақстан жалпы халықтық сенбіліктің үшінші аптасы қарқынды жұмыстармен жалғасын тапты. «Жасыл аймақ» деп аталған апталық аясында жоспар бойынша көшет отырғызу жұмыстарын жүргізу керек болатын. Бірақ көшет егу маусымы аяқталғандықтан сенбілікке қатысушылар талдарды әктеп, орындықтар мен жақтауларды сырлаумен айналысты. —Таза Қазақстан акциясы аясында Қаратау ауданына қарасты Тұран-1 шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында орналасқан балалар ойын алаңшаларында сырлау ...

Толығырақ »

Шымкенттік кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерді сату тәртібі түсіндірілді

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сауда салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі. Шымкент қаласының прокуратурасы, полиция департаменті, мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері, кәсіпкерлер қатысқан жиын алкогольді өнімдер сататын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысына арналды. Атап айтқанда, алкогольді өнімдерді сату тәртібін, заң талаптарын сақтау мәселелері пысықталды. Бұл туралы Шымкент қаласы прокуратурасының прокуроры Алмас Алтаев түсіндірді. «Алкоголь өнімдерін сату бойынша Қазақстан Республикасы ...

Толығырақ »

Шымкентте кәсіподақ белсенділерімен кездесу өтті

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудан әкімдігінде «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы М.Жақыпов Шымкент қаласының және Түркістан облысының кәсіподақ белсенділерімен кездесті. Кездесуді «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы жүргізіп отырды. Жиынға «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы және Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі, жұмыс беруші — әлеуметтік әріптес Мыңбаев Рашид Мамытұлы қатысты. «Қызмет» салалық ...

Толығырақ »

Шымкент: ​“Үздік тәлімгер-2024” қалалық байқауы өтті

Шымкент қаласы білім басқармасы «Қосымша білім беру оқу салалық орталығы» мен «Оқушылар сарайы» МКҚК ұйымдастыруымен, республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысына жауапты қала мектептерінің тәлімгерлері арасында қалалық «Үздік тәлімгер – 2024» байқауы өтті. Байқау мақсаты — Республикалық «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жұмысын қаладағы мектептерде жандандыру, мектеп тәлімгерлерінің көшбасшылық және шығармашылық қабілетін дамыту, озық тәжірибені тарату. Байқау ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТІК ҚҰТҚАРУШЫЛАР ӨЗ ОТБАСЫЛАРЫНА ОРАЛДЫ

Су тасқынынан зардап шеккен аумақтардықтардың бірі Ақмола облысына шымкенттік құтқарушылар аттанған болатын. Төтенше жағдайлар департаментінен аттанған жеке құрам Ақмола облысында орын алған су тасқынына қарсы жұмыстарды толық орындап, тұрақты орналасу пунктіне оралды. Етігімен су кешіп, елі үшін жыраққа кеткен құтқарушыларды салтанатты түрде әріптестері мен туыстары, балалары күтіп алды. Салатанатты іс-шара барысында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Қуанар Базарбаев ...

Толығырақ »

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 30 ШАҚЫРЫМ ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ МЕН 2 ҚАЗАНДЫҚ ЖАҢАРАДЫ

Шымкент қаласында жылу құбырларының жалпы ұзындығы 838,6 шақырым, ал тозу деңгейі 37 пайызды құрайды. Жалпы мегаполисті 23 қазандық пен 17 сорғы стансасы жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Қазандықтардың орташа тозуы 30,5%, сорғы станцияларының тозуы 41%. Өткен жылы 8,7 шақырым жылу жүйелері ағымдағы жөндеуден өтті. Сонымен қатар Нұрсәт нысанында қайта жаңғырту жұмысы жүргізілді. Нәтижесінде 2076 көпқабатты тұрғын үй мен ...

Толығырақ »

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ» АПТАЛЫҒЫ: ДЕНДРОСАЯБАҚҚА 50 — ге ЖУЫҚ АҒАШ ЕГІЛДІ

Бүгін – халықаралық Жер күні. Бұл айтулы дата 2009 жылдың 22 сәуірі күні БҰҰ Бас Ассамблеясының 63-інші сессиясында бекітіліп, 2010 жылдың 22 сәуірінен бастап жыл сайын атап өтіліп жүр. Осыған орай Шымкентте «Халықаралық жер күніне» ASA жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен оқыту семинары өтті. Оған 40-қа жуық жас қатысты. Бұл экологиялық мереке қоршаған ортаны қорғауға, жер шарын жасылдандыруға және табиғатқа ұқыпты ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «БӘЙДІБЕК БИ» ЕСКЕРТКІШІ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Бүгін «Таза Қазақстан» акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Абай ауданында орналасқан Бәйдібек би ескерткіші аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру, талдарды әктеу, орындықтарды сырлау жұмыстары жүргізілді. Ескерткіш аумағының тазалық жұмыстарына Абай ауданының әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелері, ерікті жастар және белсенді тұрғындар атсалысты. —Абай ауданында акция басталғалы әр жерде тазалау жұмыстары жүргізілуде. Осы аптада киелі оындарды тұрғындарға дәріптеп, оның аумағын таза ұстауға ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ПРОКУРОРЛАР ДЕНДРОБАҚҚА ДЕМАЛУҒА ЕМЕС, ТАЗАЛАУҒА КЕЛДІ

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы демалыс күні де барлық ауданда жалғасын табуда. Бүгін акция аясында дендробақ аумағы айнадай етіп тазартылды. Дендробақты тазартуға қалалық прокуратура қызметкерлері атсалысты. Жұмыс тобы саябақты толықтай тазалап, шөптерді орып, жинаумен айналысты. «Киелі мекен» апталығы аясында өтіп жатқан бұл тазалық жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасып, ұрпаққа үлгі болары сөзсіз. Өйткені тазалық жұмыстары жүйелі жүргізілгенде нәтижелі болары анық. —Бүгін ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: ОРТАЛЫҚ МЕШІТ АУМАҒЫ ТАЗАЛАНДЫ

Бес аптаға жоспарланған «Таза Қазақстан» республикалық акциясының бүгінде екінші аптасы жалғасуда. «Киелі мекен» науқанына бұл жолы қала мешіттері де қосылды. Бүгін қаламыздың бас мешітіндегі тазалық жұмыстарына имамдар, медресе шәкірттері, мешіт жамағаты ат салысты. — Мемлекет басшысы бастаған «Таза Қазақстан» республикалық акциясын Шымкент қаласындағы мешіттер ұжымы да қолдап, аптасына 3 рет тазалық жұмыстарын өткізіп жатыр. Пайғамбарымыздың (оған Аллахтың игілігі мен сәлемі ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТ: «МІРӘЛІ БАБА» КЕСЕНЕСІН ТАЗАЛАУҒА ЖАСТАР ЖҰМЫЛА КІРІСТІ

Республикалық «Киелі мекен» тазалық акциясы Шымкент қаласының әр елдімекенін қамтып, ескерткіштер мен саябақтар абаттандырылып жатыр. Бүгінгі күні «Алтынтөбе», «Абай» саябағы, «Қабанбай батыр», «Қапал батыр» ескерткіштерін және «Мірәлі баба» кесенесінде тазарту жұмыстары жүргізілді. «Мірәлі баба» кесенесінің тазалық жұмыстарын жүргізуге 50 жұмысшы және 2 техника жұмылдырылған. — «Мірәлі баба»аумағына санитарлық тазалау, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Кесене аумағының тазалық жұмыстарына ауданның ақсақалдары, ерікті жастар ...

Толығырақ »

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА СЕРУЕН АЙМАҒЫ САЛЫНАДЫ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Спорт шағын ауданынан дендросаябаққа дейінгі аралықтағы балалар теміржолының қазіргі жағдайымен танысты. Бұған дейін жергілікті халық бұл нысанның жылдар бойы тоқтап қалу мәселесін бірнеше рет көтерген болатын. Ескере кететіні, бүгінде тар табанды темір жол желісін қайта құру қыруар қаражатты қажет етеді.Себебі, қазір нарықта тар жолдарға арналған локомотивтер мен вагондар өндірілмейді. Сарапшылардың пікірінше, мұндай композицияның тапсырысы көп ...

Толығырақ »